Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

10.08.2018, 13:01 Жаңалықтар / Мәдениет
Қаланың 10 тұрғын алабында қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен концерттер өтуде

Отбасылық демалыс пен бос уақыт өткізу үшін қала маңындағы 10 тұрғын алабында мәдени-спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Олар: Күйгенжар, Мичурино, Көктал-1, Интернациональный, Үркер, Железнодорожный, Өндірісі, Промышленный және Қазқалашық, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

 «Шаттыққа толы көңіл-күй, қызықты театрландырылған қойылымдар, интерактивті ойындар,  балалар мен үлкендерге арналған конкурс, спорттық жарыстар, танымал әртістер және әзілкештермен кездесу – осының барлығын астаналықтар демалыс күндері «Думанды Сарыарқа» атты концертте тамашалай алады», - деп хабарлады мәдениет және спорт басқармасы. 

Іс-шараның бағдарламасында – отандық эстрада жұлдыздары, әзіл және сатира артистері, астаналық цирк, Астананың шығармашылық ұжымдары, оның ішінде астананың Мемлекеттік академиялық филармониясының үрмелі оркестрі, қуыршақтар театры, «Қорқыт» халық музыкалық ансамблі, «Сарыарқа» фольклорлық музыка ансамблі және тағы басқалары. 

Хабарламада концертте танымал қазақстандық артистер Досымжан Таңатаров, Асқар Жайлаубаев, Куляим Қайырбаева, Альбина Оганесян, Мейір Бәйнеш, трио «Di-Art Style» және  «Астана» дуэті және де «Іңкәрім», «Astana flash» би ұжымы, «Алатау+», «Мәншүк», «Гүлнар» балалар би ұжымы, қуыршақ театры, аниматорлар, алып қуыршақтар мен басқалары қатысады делінген. 

Концертпен бірге «Көңілді бастамалар» интерактивті ойындары да қатар өткізіледі. Ең белсенді қатысушыға естелік сыйлық беріледі. 

«Думанды Сарыарқа» мерекелік шарасы астананың тұрғын алаптарында демалыс күндері 1 қыркүйекке дейін өтеді.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.