Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

10.02.2014, 10:12 Жаңалықтар / Құқық тәртібі
Жыл басынан бері 1800 жуық жаяу жүргінші Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Астанада жыл басынан бері 1800 жуық жаяу жүргінші Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Ішкі істер департаментінен хабарлады.

Жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерін сақтамайды және жол-көлік оқиғаларына жиі себеп болады. Күн сайын жол-партуль қызметінің инспекторлары жаяу жүргіншілер жол берген орта есеппен 50-60 ЖҚЕ бұзушылықты тіркейді.

«Негізінен, жолды тыйым салынған жерлерден кесіп өту, тоқтап тұрған көліктерден және басқа да қоршаулардан жолға кездейсоқ шығу сияқты бұзушылықтар орын алады»,- деді ведомстводағылар.

Елорда жолдарында апаттылықтың алдын алу және төмендету мақсатында апта сайын жұма күндері «Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі» профилактикалық күні өткізіледі.

Бұдан басқа, қалалық ІІД Жол-патруль қызметі күн сайын жолды тыйым салынған жерлерден немесе бағдаршамның қызыл шамына өткен тәртіп бұзған жаяу жүргіншілермен алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

Ведомствоның хабарлауынша, жыл басынан бері Астанада 1800 жуық жаяу жүргінші Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне» сәйкес жаяу жүргіншілердің жолдан өту қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.

Жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзғаны үшін жаяу жүргіншілер 15 АЕК мөлшерінде, яғни 27,5 мың теңгеден артық айыппұл төлейді немесе 3 тәулікке әкімішілік қамауға алынады. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.