Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

24.11.2015, 11:56

«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бірінші басшы туралы мәлімет:

Сәрсембаев Әділбек Зейнуллаұлы 

1978 ж. 25 тамызында Целиноград қ. туған.  

Білімі: жоғары, заңгерлік, экономикалық. Саяси ғылымдар кандидаты.

Еңбек жолын 1996 жылы ҚР ҚМ салық инспекциясында бастаған.

2000-2006 жж. Астана қ. әкімдігінің жүйесінде түрлі қызметтер атқарған.

2006-2007 жж. ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы.

2007-2009 жж. Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

2015 жылдың мамырынан «Астана қ. табиғат ресурстарын және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасы» ММ басшысы.

«А» корпусының кадрлық резервіне енгізілген. 

ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

  • Аудан 1998 жылдың 6 мамырында құрылған
  • Жалпы ауданы –  21 054 га
  • Халық саны – 379,2 мың адам
  • Ауданда 5 тұрғын алабы орналасқан

Мекен-жайы: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 7.

Телефондары:

Ұйымдастыру-бақылау бөлімі +7 (7172) 36-39-19

Персоналды басқару қызметі +7(7172) 36-38-90

Кеңсе +7(7172) 36-36-87

Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі +7 (7172) 36-11-26

Кәсіпкерлік бөлімі +7 (7172) 36-39-27

Тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі +7 (7172) 34-08-35

Инфрақұрылым бөлімі +7 (7172) 35-45-27

Абаттандыру бөлімі +7 (7172) 35-03-01

Өндірістік-техникалық бөлім +7 (7172) 34-18-19

Сметалық бөлім +7 (7172) 34- 17-43

Қаржы бөлімі +7 (7172) 36-51-04

Мемлекеттік сатып алулар бөлімі +7 (7172) 36-45-59

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі +7 (7172) 36-93-49

Факс: +7 (7172) 36-27-01

Веб-сайт: almaty.astana.kz 

Мемлекеттік органның қызметі туралы қысқаша анықтама

«Алматы» ауданы әкімінің аппараты әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жергілікті бюджет арқылы қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

Аппарат қызметінің басымды бағыттары мыналар болып табылады: азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiндегі шаралар қолдану; салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдесу; аппарат әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, Астана қаласы мәслихатының бекiтуi үшiн Астана қаласы әкiмдігінің қарауына енгiзу; Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес стратегиялық жоспарды әзiрлеу; азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауға жәрдемдесу; өз құзыретi шегiнде кәсiпкерлiк қызметтi дамытуды қолдау; әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру; табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзу, жалғызбасты қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастыру; жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау; жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде Астана қаласы мәслихаты сессияларының жұмысына қатысу; мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың қызметiн қамтамасыз ету; тұрғын алаптарды абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру; туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзу.

Азаматтарды қабылдау кестесі

Аты-жөні

Лауазымы

Қабылдау уақыты

1

Сәрсембаев Әділбек Зейнуллаұлы 

Астана қаласы "Алматы" ауданының әкімі

Әр айдың соңғы бейсенбісі
16.00-18.00

2

Есілов

Асқар Сансызбайұлы

Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің орынбасары

Сәрсенбі
16.00-18.00

3

Булатбеков

БоранбайНығметұлы

Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің орынбасары

Жұма
16.00-18.00

4

Саметов

Ғалымжан Ақылбекұлы

Астана қаласы "Алматы" ауданы әкімінің аппарат басшысы

Сейсенбі

16.00-18.00

Қаржы бөлімі – ««Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бекітілген стратегиялық жоспарына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет қаражаттарының уақытылы, мақсатты және тиімді пайдалануына есеп пен бақылау жүргізеді. Астана қаласы «Алматы» ауданының мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарын ұстау үшін жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражаттарының және республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің есебін және бақылауын жүргізеді. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, сонымен қатар әрекет ететін заңнамаға сәйкес қаржы органдарына тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептердің тапсырылуын қамтамасыз етеді.

«Алматы» ауданы әкімі аппаратының құрылымы

«Алматы» ауданы әкімі аппаратының құрылымы

Ұйымдастыру-бақылау бөлімі – Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің директивті актілеріне, қала және аудан әкімінің өкімдерінің және тапсырмаларының орындалуына бақылау. Барлық деңгейдегі өкілетті және атқарушы органдармен ұйымдастыру және ақпараттық әрекетті қамтамасыз етеді. Ірі мерекелік іс – шаралардың өткізілуіне қатысып, олардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Қала әкімі, әкім орынбасарларының, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын бақылып, олар бойынша реестр жүргізеді, аудан әкімінің тапсырмаларының талдауын және мониторингін жүргізу.

Бөлім басшысы – Қапанов Бауыржан Серікпайұлы

Персоналды басқару қызметі - Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады, мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді, мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді.

Бөлім басшысы – Иманбаева Динара Қыдырбайқызы

Кеңсе - Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңын жүзеге асыруын қамтамасыз ету, аудан әкімінің аппаратында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыздардың уақытылы қарастырылуын, сондай – ақ, бекітілген кестеге сәйкес аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады. Құжаттаудың бiрыңғай тәртiбiн, құжаттармен жұмысты ұйымдастыруды, ақпараттық iздеу жүйесiн құру және жүргiзудi, құжаттардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Құжаттарды алғашқы өңдеудi, алдын-ала қарауды, тiркеудi, есепке алуды, сақтауды, жеткiзудi және таратуды жүзеге асырады. Келіп түскен өтініштерінің айлық, тоқсандық талдауын жасайды, кіріс құжаттарының жағдайы жөнінде ақпарат дайындайды.

Кеңсе басшысы Уразбекова Гүлбаршын Садуақасқызы

Ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі  – мүгедектерді, жалғызбастыларды, қарттарды және де басқа аз қамсыздандырылған азаматтарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша, денсаулық сақтау, білім, көші-қон, демография, дене шынықтыру және спорт, отбасы және әйелдер, мемлекеттік тілді дамыту; бұқаралық ақпарат құралдарымен әрекет жасайды, кәсіпорындарда, ұйымдарда мемлекеттік символиканы қолдануға бақылау жасайды, ұлттық және кәсіби мерекелердің өткізуін ұйымдастырады.

Бөлім басшысы – Коркенбаева Айгүл Алпысқызы

Кәсіпкерлік бөлімі –санитарлы-эпидемиялық қадағалау, қоғамдық тәртіпті қорғау, шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. Бизнес саласының даму мәселелері бойынша мониторинг, жинақтау және талдау жасау мәселелерін шешіп, болжамдық көрсеткіштерді құрастырады. Астана қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының сыртқы жарнама бөлімімен бизнес объектілерінің сыртқы жарнамасының жағдайы мәселелері бойынша қарым – қатынас жасайды.

Бөлім басшысы – Қарашева Гүлнұр Жақсылыққызы

Тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі – ауданның қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін барлық басшылық ететін меншік нысандарының нақты тоқтаусыз жұмысына көмек көрсету, қысқа дайындық бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға бақылау жасау. ПИК, ОИК,ТҚК және ӨК-термен халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмысты үнемі жүргізеді.

Бөлім басшысы –Абдрайымов Нұрмат Хамидуллаұлы

Инфрақұрылым бөлімі – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсатты бағдарламасын жүзеге асыру бойынша құрылыс, өнеркәсіп, көлік және байланыс кәсіпорындармен әрекет жасайды. Жұмыс тобының құрамында өз бетімен жер учаскелерін басып алу және заңсыз құрылыстың алдын алуына және қадағалау.

Бөлім басшысы – Сутеев Алмат Алтынбайұлы

Абаттандыру бөлімі – қаланың кәсіпорындары және ұйымдарымен, коммуналдық қызметтермен әрекет жасауды қамтамасыз ету. «қаланың кәсіпорындары және ұйымдарымен, коммуналдық қызметтермен әрекет жасауды қамтамасыз ету. «Абаттандыру, санитарлық жағдай, аумақты жинау және тазалықты қамтамасыз ету ережелері туралы» Астана қаласы мәслихаты шешімінің орындалуын қамтамасыз ету. Бекітілген және жақын орналасқан аумақты санитарлық күту мәселелері бойынша ауданның кәсіпорындары және ұйымдарымен жұмысты ұйымдастырады. Қала аумағында жол, тротуарлардың, газондардың және басқа қала шаруашылығы элеметтерінің жұмыс өндірісі тәртібінің сақталуына бақылау жасау.

Бөлім басшысы – Досмағанбетов Рамиль Майшуланұлы

Өндірістік–техникалық бөлім – ауданның ағымды күтуі бойынша болашақты іс-шараларды әзірлейді.Технико-экономикалық негіздеудің және есептердің әзірлеуіне қатысады. «Алматы» ауданы әкімінің аппаратының барлық жұмыс және қызмет түрлері бойынша жаңа нормативтік өзгерістерді енгізуге бақылау жасау, мердігерлік ұйымдармен жасалатын жұмысқа бақылау жасау.

Бөлім басшысы – Саматұлы Мақсат

Сметалық бөлім  – бюджеттік өтінімге жасалған есептерді құру және тексеру, мемелекеттік сатып алу байқауын өткізуге арналған техникалық ерекшеліктерінің дұрыс құрастырылуын тексеру, мердігер ұйымдардың атқарған жұмыстарының актілеріне қол қою. Жұмыс жасаған кезде туындаған сұрақтарды өз уақытында шешу бойынша шаралар қабылдау.

Бөлім басшысы – Тлегенова Раушан Сансызбайқызы

Қаржы бөлімі – ««Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бекітілген стратегиялық жоспарына және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет қаражаттарының уақытылы, мақсатты және тиімді пайдалануына есеп пен бақылау жүргізеді. Астана қаласы «Алматы» ауданының мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарын ұстау үшін жергілікті бюджеттен бөлінген бюджет қаражаттарының және республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің есебін және бақылауын жүргізеді. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды, сонымен қатар әрекет ететін заңнамаға сәйкес қаржы органдарына тоқсандық, жартыжылдық, жылдық есептердің тапсырылуын қамтамасыз етеді.

Бөлім басшысы - Даулиева Динара Төкенқызы

Мемлекеттік сатып алу бөлімі  – заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды жасау. Уәкілетті органға қажетті ақпаратты уақытылы ұсыну және оны веб-сайтқа, веб-порталға жіберу. Мемлекеттік сатып алу келісім шарттарының дұрыс жасалуына, жергілікті органдарға уақытылы мағұлматты мемлекеттік сатып алу келісім шарттарының дұрыс жасалуын, қызметтер және жұмыс, заттарды жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын құрылып, бекітілгенін қадағалау.

Бөлім басшысы – Панжеева Диана Темірбекқызы

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі – Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді: Қазақстан Республикасы аумағында тууды, қайтыс болуды, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке болуды белгілеуді, есімін, әкесінің есімін, тегін ауыстыруды, азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулерді енгізуді, жоюды мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ қайталама куәліктер, анықтамалар мен азаматтық хал актілері жазбаларының көшірмелерін беруді ұйымдастыру.

 Бөлім басшысы – Аміржанова Гүлсім Мәдиқызы

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.