Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«Астана қаласының «Есiл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

24.10.2017, 12:05

«Астана қаласының «Есiл» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бірінші басшы туралы мәлімет

Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулаұлы 1975 жылдың 2 қыркүйегінде Қарағанды облысы Шет ауданы Успенка ауылында дүниеге келген. Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» мамандығы және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек қызметін 1996 жылы банк саласында бастаған.

1998 жылдан бастап 2003 жылға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің бас маманынан бастап басқарма бастығының орынбасарына дейін әр түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

Келесі жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутат көмекшісі, Павлодар облысы әкімінің көмекшісі, Павлодар облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары, Павлодар қаласы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс атқарған.

2006 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың қарашасына дейін Павлодар ауданы әкімінің лауызымында болған.

2008 жылдың қарашасында Павлодар облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарған.

2009 жылдың маусымынан – Қарағанды облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқарма бастығы – Тәртіптік кеңесінің төрағасы.

2011 жылдың шілдесінен - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқарма бастығы – Тәртіптік кеңесінің төрағасы.

2013 жылдың наурызынан - Астана қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқарма бастығы – Тәртіптік кеңесінің төрағасы.

2013 жылдың 9 шілдесінде Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің лауызымына тағайындалған.

2015 жылдың 24 қарашасында Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің лауазымына тағайындалған.

2016 жылдың 20 қазанынан - Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі.

«Ерең еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Жалпы мәлімет:

Аудан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2008 жылғы 5 тамызда құрылды

Аудан аумағы – 31 179 гектар

Аудан тұрғындарының саны – 183 933 адам

Пошталық мекен-жайы: 010000, Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы, 33

Телефондардың номерлері:

Қабылдау бөлме: +7 (7172) 57-45-55

Ұйымдастыру-басқару бөлімі: +7 (7172) 57-45-32, +7 (7172) 57-45-37

Қаржы-шаруашылық бөлімі: +7 (7172) 57-45-47, 57-45-46

Персоналды басқару қызметі: +7(7172) 57-45-43

Әлеуметтік сала және кәсіпкерлікті қолдау бөлімі: +7 (7172) 57-45-57, 57-45-82

Ішкі саясат бөлімі: +7 (7172) 57-45-52

Тыныс - тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі: +7 (7172) 57-45-59, 57-45-58

Инфрақұрылым бөлімі: +7 (7172) 57-45-83, 24-94-65

Өндірістік-техникалық бөлім: +7 (7172) 57-45-56

Абаттандыру бөлімі: +7 (7172) 57-45-51; 57-45-42

АХАТ бөлімі: +7 (7172) 24-94-64

Сайты: www.esil.astana.kz

Мемлекеттік органның қызметі туралы қысқаша ақпарат:

«Астана қаласының «Есіл» ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат) Астана қаласы «Есіл» ауданының аумағында мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекетік органы болып табылады.

Аппараттың ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.

Аппарат қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

Аппараттың миссиясы- Астана қаласының «Есіл» ауданы аумағында қоғам мүдделерімен, даму қажеттіліктерімен үйлестіру, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу.


«Есіл» ауданы әкімінің аппаратында жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау кестесі:

Аты-жөні

Лауазымдық қызметі

Қабылдау күндері

Қабылдауға жазылу

Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулаұлы

Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі

 бейсенбі

15:00-17:00

тел.: 

 57-45-32

Уахитов

Елнар

Бекенұлы

Әкім орынбасары

Санитарлық мазмұндағы және абаттандыру мәселелері жөніндегі әкімнің орынбасары

дүйсенбі 16:00-18:00

тел.: 

 57-45-31

Елімсарина

Арайлым Тлеуханқызы

Әкім орынбасары

Ішкі саясат, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі әкімінің орынбасары

жұма

16:00-18:00

тел.: 

 57-45-40

Қайржанов Ануар Талғатұлы

Әкім орынбасары

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық,

инфрақұрылым және құрылыс мәселелері жөніндегі әкімінің орынбасары

сейсенбі

15:00-17:00

тел.: 

 57-45-44


Мемлекеттік мекеменің құрылымы:

Аппарат басшысы – Саметов Ғалымжан Ақылбекұлы, тел.: 57-45-33

Әкімнің кеңесшісі – Оразғұлов Ақылбек Сарбайұлы, тел.: 57-45-53

Әкімнің кеңесшісі - Мұртазин Қуаныш Ғабидоллаұлы, тел.: 57-45-48

Бас инспектор – Қонақбаев Руслан Шәкібайұлы, тел.: 57-45-38

Бас инспектор - Баймақашов Әлкебатыр Серікұлы, тел.: 78-06-80


Ұйымдастыру-басқару бөлімі

Бөлім басшысы Хамзин Дамир Зияшұлы, тел.: 57-45-32

Бөлім қызметіне жалпы басшылық ету. Аппарат бөлімдерімен, мемлекеттік органдар басшыларымен және өзге де ұйымдармен өзара әрекет жасайды. Аппарат қызметкерлерімен жұмыс уақыт тәртібінің сақталуын және Елбасы, Үкімет актілерінің орындалуын, қала және аудан әкімінің тапсырмалары мен өкімдерінің орындалуын бақылау. Өкілдік және атқарушы өкіметтің барлық деңгейіндегі органдармен аудан әкімінің өзара әрекет жасауын ұйымдастыру және ақпаратты қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісіне сайлауды өткізуді дайындауды және ұйымдастыруды жүзеге асырады. Бөлім мамандарымен бірлесіп жедел кеңестерді, есептік кездесулер мен дөңгелек үстелдерді дайындау. Іс-қағаздарды жүргізуді бақылауды қамтамасыз ету, хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өзге де өтініштерін уақытылы қарау.


Қаржы-шаруашылық бөлімі

Бөлім басшысы Қадырбаева Майдагүл Серікқызы, тел.: 57-45-46

Бөлім қызметіне жалпы басшылық ету. Бухгалтерлік есепті іске асыру. Мекеменің қаржылық жағдайы туралы қаржылық есеп, қызмет және қаржылық жағдайдың өзгеру нәтижелерін ұсыну. Банк құжаттарын жасау. Бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру бойынша жұмыс, 1С бухгалтериямен жұмыс. Әкім аппаратын қаржы-шаруашылық жағынан қамтамасыз ету. Тиісті қаржылық жылға стратегиялық жоспар әзірлеу. Тиісті қаржылық жылға аудан бойынша оперативтік есепті әзірлеу. Аудан әкімінің баяндамасы бойынша құзыретіндегі нұсқау және аналитикалық ақпарат жинау. Атқарылған жұмыс бойынша тоқсан сайын кіріс есебін дайындау.


Персоналды басқару қызметі

Бөлім басшысы Сергазина Инара Маратқызы, тел: 57-45-43

Аппарат қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңнамасын сақтау жөніндегі қызметін үйлестіру.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу конкурсын өткізу бойынша комиссия, тәртіптік, аттестаттау комиссиялары, аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтегі қызмет өтілімдерін белгілеу және өзгерістер енгізу бойынша комиссия және басқа да кадр мәселелері бойынша комиссиялардың құжаттамаларын жүргізу және қызметін ұйымдастыру.

Аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, аппарат қызметкерлерін қызмет бойынша жоғарылату, мемлекеттік қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту, мемлекеттік қызметкерлерді қызметінен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету.Кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды рәсімдеу.Мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметкерлердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметкерлерді көтермелеу түрлерін және оларды қолдану тәртібін әзірлеу. Мемлекеттік қызметкерлердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асыру. Аппарат қызметкерлерінің жеке істерін және еңбек кітапшаларын жүргізу. Қызметкерлердің еңбек тәртібін сақтауын бақылау. Айлық, тоқсандық, жылдық және ағымдағы есептерді және ақпараттарды қала әкімі аппаратына, Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері басқармасына дайындау. Аудан әкімінің кадр мәселелері бойынша өкімдерін дайындау және тіркеу бойынша жұмысты жүргізу. Марапатбойынша құжаттарды рәсімдеу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада берілген мерзім бойынша қарау.


Әлеуметтік сала және кәсіпкерлікті қолдау бөлімі

Бөлім басшысы Молдабекқызы Жансая, тел.: 57-45-57

Бөлім қызметіне жалпы басшылық ету. Білім, денсаулық, халықты әлеуметтік қорғау, кәсіпкерлік саласында бағдарлық құжаттардың орындалуына мағлұматтар дайындау, өз құзыретіне сәйкес олардың орындалуын бақылау. Астана қаласының білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, сәулет және қала құрылысы басқармаларымен, Тұтынушылар құқығын қорғау Департаменті, Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы, «Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМКК қалалық филиалымен өзара қарым-қатынасты орнатады. Әлеуметтік сала, кәсіпкерлік субъектілер ұйымдармен, «Есіл» ауданының Ардагерлер кеңесі, Астана қаласы әкімі жанындағы комиссиялармен қарым-қатынас орнатады. Семей ядролық сынақ полигонында жарылыстан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу мәселелерін қарайтын және халыққа әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссия жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы «Жарнама туралы» заңның орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Стихиялық сауда орындарын анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру, алғашқы кезеңде қажетті азық-түліктің бағаларына бақылау жүргізу. Сала бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен хаттарды қарау, бөлім қызметінің бағыттарының мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау. Атқарылған жұмыстар жайлы апталық есеп, жоспарлы отырысқа ақпарат, жұмыс жоспарын дайындау. Еңбек және орындаушылық тәртіпке, тапсырмалар мен міндеттердің қызметкерлермен уақтылы орындалуын қадағалау.


Ішкі саясат бөлімі

Бөлім басшысы Әбікенова Жамал Кәкімжанқызы, тел.: 57-45-52

Бөлім ішкі саясат, мәдениет, спорт, дін, тілдерді дамыту, гендерлік саясат, жастар саясаты мәселелері бойынша жоғарғы органдардың директивті құжаттарының орындалуы бойынша материалдар дайындау, құзыреті аясында олардың орындалуын бақылау. Астана қаласының Ішкі саясат, мәдениет, мұрағаттар және құжаттама, дене шынықтыру және спорт, дін істері жөніндегі, тілдерді дамыту, жастар саясаты мәселелері басқармаларымен өзара қарым-қатынас жасау. Мәдениет және спорт мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар, діни конфессиялар, этномәдени бірлестіктер, Астана қаласы әкімдігі жанындағы комиссиялар және кеңестермен өзара әрекет жасау. Ауданда мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау топтарының жұмысын ұйымдастыру. Еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізу. Аудан мекемелерінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің экстерьерлі түрінде дұрыс орналастыруын қадағалау. БАҚ-пен жұмыс істеу. Аудан әкімі аппаратының ресми интернет қорын мәліметпен толтыру.

Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен хаттарды қарау. Сала бойынша азаматтарды қабылдау. Атқарылған жұмыс туралы апталық есеп, жиналысқа ақпараттық материалдар, жұмыс жоспарларын дайындау. Қызметкерлермен еңбек және орындаушылық тәртіптің сақталуын, бөлімнің тапсырмалары мен міндеттерінің орындалуын қадағалау.


Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету бөлімі

Бөлім басшысы Қайбақов Русланбек Есімұлы, тел.: 57-45-59

Бөлім қызметіне жалпы басшылық ету. Аудан әкімінің тапсырмалары мен шешімдерін уақтылы және сапалы орындалуын бақылау. Қысқы дайындық бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, ПИК, ЖҚК, ӨК жұмыстарын бақылау. Ауданның қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету үшін, иеліктің барлық түріндегі жетекшілік ететін кәсіпорындарға нақты үзіліссіз жұмысқа жәрдем етуді, жылыту мерзіміне дайындық бойынша шараларды іске асыруды бақылау. Тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындарының, ұйымдарының қызметін үйлестіру және бақылау. Инженерлік желілерді тарту және басқа жер өндірістік жұмыстарын бақылап орындау. Аудан әкімінің баяндамасы бойынша құзыретіндегі нұсқау және аналитикалық ақпарат жинау. Атқарылған жұмыс бойынша тоқсандық кіріс есебін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімде қарау.


Инфрақұрылым бөлімі

Бөлім басшысы Сугембаев Диас Арманұлы, тел.: 24-94-65

Бөлім қызметіне жалпы басшылық ету. Энергетика, жер қатынастары, көлік, байланыс, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың қалалық қызметтерімен, өнеркәсіп мекемелерімен, құрылыс ұйымдарымен және аудан инфрақұрылымының өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілерімен өзара әрекет ету. Уәкілеттік қызметтерге отын-энергетикалық қорларды және суды тиімді пайдалануда көмек көрсету. Инженерлік желілердің және өзге де жұмыстардың өткізілуі бойынша жер жұмыстарының өндірісіне бақылау жүргізу. Жұмыс тобымен бірлесіп жер телімдерінің мақсатсыз пайдалануына және заңсыз құрылысқа жол бермеу, анықтау бойынша жұмыс істеу.


Өндірістік-техникалық бөлім

Бөлімі басшысы -  тел:57-45-54

Бөлім қызметіне жалпы басшылық ету. Абаттандыру, жарықтандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. Сала бағыттары бойынша қызметтер мен жұмыстарға мердігерлік ұйымдармен уақытылы келісім шарттар жасауды бақылау және ұйымдастыру. Абаттандыру және құрылыс объектілерінің жұмыстарды сапалы және уақытылы орындауын техникалық қадағалау. Атқарылған жұмысактісін бақылауды іске асыру. Әр ерекшілік бойынша бюджеттік шығындар есебін тапсыру, бюджеттік өтінімдерді дайындау. «Астана Зеленстрой» АҚ, «Астана қалалық жарық» ЖШС, «Астана Тазарту» ЖШС, мердігерлік ұйымдарымен қарым-қатынас орнату. Мердігерлік ұйымдардың жұмысын үйлестіру. Аудан әкімінің баяндамасы бойынша құзыретіндегі нұсқау және аналитикалық ақпаратты жинау. Атқарылған жұмыс бойынша тоқсандық кіріс есепті дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімде қарау.


Абаттандыру бөлімі

Бөлім басшысы Қалиев Абзал Бектасұлы, тел.: 57-45-51

Бөлім қызметіне жалпы басшылық ету. Астана қаласы мәслихатының 2004 жылғы 30 наурыздағы №28/6-III шешімімен бекітілген «Абаттандыру, санитарлық жабдықтау, жинау жұмыстарын ұйымдастыру және Астана қаласының аумағында тазалықты қамтамасыз ету қағидалары туралы» ережені орындауды жүзеге асыру. Абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазарту бойынша іс-шаралар жоспарының, «Астана қаласы аумағында құрылыс салу ережесінің», ауданды көгалдандыру бойынша дайындық жұмыстарының, тұрғындармен, ПИК-мен жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету. Аудан аумағында қоқысты шығарумен және тазалаумен айналысатын кәсіпорындардың жұмыстарын бақылау, ұйымдар мен мекемелердің қысқы уақытта мұзды және жол төсемін қардан тазалауын бақылау. Аудан кәсіпорындары және ұйымдарымен жұмысты ұйымдастыру, қоршаған ортаны қорғау бөлімі және ветеринарлық полиция «Есіл» аудандық ІІБ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Департаментімен өзара іс-әрекетті үйлестіру. Коммуналдық және жалпы қалалық сенбіліктерді ұйымдастыру, бақылау және өткізу, қажетті іс-шараларды дайындау. Аудан әкімінің баяндамасы бойынша құзыретіндегі нұсқау және аналитикалық ақпаратты жинау. Атқарылған жұмыс бойынша тоқсандық кіріс есебін дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзім бойынша қарау.


АХАТ бөлімі

Бөлім басшысы Қабылдина Назгүл Жұмабекқызы, тел: 24-94-64

Бөлім қызметіне жалпы басшылық ету. Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексіне және Әділет министрінің 2015 жылдың 25 ақпанындағы №112 «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою тәртібі қағидасына және басқа да неке заңнамасының саласындағы нормативтік құқықтық актілердің негізінде мынадай әрекеттерді атқарады:тууды, қайтыс болуды, неке (ерлі-зайыптылықты) қию және бұзуды, ұл (қыз) бала асырап алуды, әке (ана) болуды белгілеуді, есімін, әкесінің есімін (бар болғанда), тегін, жынысын ауыстыруды мемлекеттік тіркеу;азаматтық хал актілері жазбаларын өзгеру, толықтыру, түзету және жою;жоғалған жазбаларды қалпына келтіру;бастапқы және қайталама куәлiктерді, анықтамаларды, азаматтық хал актiлерiнiң көшiрмелерiн беру.


Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.