Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

08.01.2016, 13:13 Баспасөз орталығы / Жаңалықтар
Елордалықтарға арналған қысқы қызықтар

Астанада қысқы демалысты ұнататындар үшін көп қызық бар: ашық мұз айдындары мен сырғанақтар, мұз қалашықтары, шаңғыроллерлік трасса.

Отбасыңмен бірге таза ауада демалғың келсе, «Хан Шатыр» СОО жанындағы мұз қалашығына баруға болады. Елорда әкімдігінің алдындағы алаңға, «Жерұйық» паркінде және Оқушылар сарайының жанында мұз айдындары жасалды. Жаңа жыл қарсаңында «Арай» паркінің аумағында жалпы ауданы 5 мың шаршы метрлік мұз айдыны ашылды. Онда медициналық пункт, дәмхана, радиорубка, конькиді жалға алатын орын, сондай-ақ, жылынатын жер бар, LED-экран орнатылған. Конькиді жалға алу құны – сағатына 500 теңге.

«Есіл» ауданы аумағында Шығыс Ильинка және Пригородный тұрғын алабтарында тағы да екі мұз айдыны жасалмақ. Бұдан басқа, қалалық мектептердің жанында 11 мұз айдыны бар.

10 қаңтарда Ақбұлақ өзенінде де үлкен мұз айдыны ашылады. Ал «Отан Қорғаушылар» монументінің жанында, Есіл өзенінің жағасында сырғанақтар бар. Көктал және Өндіріс тұрғын алабтарында, 188-ші көше мен Бәйсейітова, 3 көшесінде де қосымша сырғанақтар жасалады.

Ашық мұз алаңдарынан басқа, "Алау" МС баруға болады. Онда 2-10 қаңтар аралығында жаңа жылдық жаппай сырғанау марафоны өтеді. Таңғы сағат 09.00-ден кешкі сағат 23.00 дейін кәсіби мұз айдынында коньки тебуге болады. Мереке күндері «Алау» мұз айдынына 14 мыңнан астам адам барған. Кіру құны сеансқа байланысты 250-ден 1500 теңгеге дейін.

Сонымен қатар, шаңғы тебуді ұнататындар әр демалыс сайын елордалық паркте өтетін дәстүрлі жарыстарға қатыса алады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.