18 қаңтарда елорда аудандары ә...

Астана қаласы аудандары әкімдерінің есеп беру кездесулері

18 қаңтарда елорда аудандары әкімдерінің есеп беру кездесулері басталады

Астана аудандары әкімдерінің дәстүрлі есеп беру кездесулері 2016 жылдың 18 қаңтарында басталады. Аудан әкімдері жыл қорытындысын шығарады, қала аумақтарын одан әрі дамыту туралы айтады, сондай-ақ, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап береді.

Қазіргі кезде қала аумағында бірнеше жерге өтініштер қабылдауға арналған арнайы жәшіктер орнатылды.

«Алматы» ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың халықпен есеп беру кездесулері 18, 19, 20, 21, 22 қаңтарда өтеді. 18 қаңтарда сағат 15:00 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аудан әкімімен кездесуге Абылай хан, Тәуелсіздік, М. Жұмабаев даңғылдарының, Қажымұқан, Кенесары, Қ. Сәтпаев, Жирентаев, А. Пушкин көшелерінің тұрғындары келеді.

19 қаңтарда сағат 15:00 Железнодорожный тұрғын алабында № 29 орта мектепте Железнодорожный, Промышленный, Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный тұрғын алаптарының тұрғындары аудан әкіміне өз сұрақтарын жолдай алады.

20 қаңтарда сағат 15:00 Ш. Иманбаева, 4 мекен жайы бойынша орналасқан № 54 мектеп-лицейге Республика даңғылының, А. Бараев, Ж. Ташенов, Ш. Уәлиханов, Ш. Иманбаева, С. Рахымов, М. Ғабдуллин, А. Иманов, Жәнібек Тархан, Ж. Ташенов көшелерінің тұрғындары шақырылады.

Оңтүстік-Шығыс шағын ауданының, Б. Момышұлы, Р. Қошқарбаев, А. Байтұрсынов, Айнакөл, Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов көшелерінің тұрғындары «Алматы» ауданының әкімімен 21 қаңтарда сағат 15:00 А. Байтұрсынов, 25 мекен жайы бойынша орналасқан №72 орта мектепте кездеседі.

Ермағанбет Бөлекпаевтың соңғы есеп беру кездесуі Р. Қошқарбаев даңғылы, 66 мекен жайы бойынша орналасқан №1 қалалық ауруханада 22 қаңтарда сағат 15:00 №1 қалалық аурухананың және №2 балалар ауруханасының ұжымымен өтеді.

«Сарыарқа» ауданының әкімі Павел Кулагиннің халықпен есеп беру кездесулері 25, 26, 27, 28 және 29 қаңтарға белгіленген.

Аудан әкімі 25 қаңтарда сағат 11:00 Алмалық көшесі, 1 мекен жайы бойынша орналасқан «Наз» мемлекеттік театрында Көктал тұрғын алабының тұрғындарымен кездеседі.

26 қаңтарда сағат 11:00 № 49 орта мектепте Өндіріс тұрғын алабының тұрғындары өз сұрақтарын аудан әкіміне жолдай алатын болады.

«Сарыарқа» ауданы әкімінің шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесуі 27 қаңтарда сағат 11:00 Сарыарқа даңғылы, 13 мекен жайы бойынша аудан әкімі аппаратының ғимаратында өтеді.

28 қаңтарда сағат 11:00 №5 қалалық емханада Павел Кулагин №5 қалалық емхананың еңбек ұжымының және аудандық медициналық мекемелердің өкілдерінің сұрақтарына жауап береді.

«Сарыарқа» ауданы әкімінің соңғы халықпен есеп беру кездесуі 29 қаңтарда сағат 11:00 М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында өтеді. Кездесуге Республика, Сарыарқа, Жеңіс даңғылдарының, Абай, С. Сейфуллин, Т. Бигельдинов, 187, 188 көшелердің және Есіл өзенінің бойындағы үйлердің тұрғындары шақырылады.

«Есіл» ауданының әкімі Сабила Мұстафина 18, 19, 20, 21 және 22 қаңтарда аудан тұрғындарымен есеп беру кездесулерін өткізеді.

18 қаңтарда сағат 15.00 аудан әкімі «Астана РЭК» АҚ еңбек ұжымымен, ал 20 қаңтарда медицина холдингі мен аудандық медициналық ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездеседі.

19 қаңтарда № 69 мектеп-лицейде С. Мұстафина Үркер тұрғын алабының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізеді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің студенттері мен жұмыскерлері 21 қаңтарда сағат 15:00 аудан әкіміне өз сұрақтарын жолдай алады.

«Есіл» ауданы әкімінің соңғы кездесуі 22 қаңтарда сағат 11 «Қазақстан» орталық концерт залында аудан тұрғындарымен өтеді.

Аудандардың әкімдерінің халықпен есеп беру кездесулерін өткізу күндері мен уақытын төменде тіркелген файлдардан көруге болады. 

Кез келген материалды Астана қаласының http://astana.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Виртуалды қабылдау бөлмесі
Бұл тарауда сіз Әкімнің немесе Астана қаласы әкімдігінің атына өтініш-тілегіңізді жолдай аласыз.
Халықтық бақылау
Жедел шешім қабылдау мақсатындағы қалалық инфрақұрылымды жақсартуға арналған айдар.