Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

14.01.2016, 14:20 Жаңалықтар / Коммуналдық шаруашылық
19 қаңтарда православ христиандары Крещение Господне мерекесін атап өтеді

Астанада барлық шіркеулерде мерекелік ғибадат ету рәсімі өтеді, Есіл өзенінің жағасына дейін салтанатты шеру (Крестный ход) ұйымдастырылады. Мерекелік шара 19 қаңтарда сағат 11:00 Константино-Еленинск соборынан басталады және өзен жағасында аяқталады.

Крещение Господне – Православиелік шіркеудің басты мерекелерінің бірі. 18-19 қаңтарда Успен кафедралдық соборда (6 ш/а, Күйші Дина к-сі, 27), Константино-Еленинск соборында (Республика даңғылы, 12), Серафим Саровский шіркеуінде (Бөгенбай батыр даңғылы, 8) дәстүрлі құдайға құлшылық ету рәсімі өтеді. Шаралар 18 қаңтарда мереке қарсаңында сағат 8-де басталып, сағат 17.00 жалғасады. 19 қаңтарда ғибадат ету рәсімі барлық шіркеулерде таңғы сағат 8.00 басталады.

Сонымен қатар, Есіл өзенінің жағалауында шомылуға арналған орындар дайындалады: Кенесары хан ескерткішінің жанында және Самал шағын ауданына қарсы. Осыған байланысты құтқарушылар шынығу тәжірибесі жоқ балаларға, адамдарға, денсаулығы нашар егде жастағы тұлғаларға, сондай-ақ мас күйінде суға түсуге болмайтынын ескертеді.

Егер суға түсуге қатысуға бел бусаңыз, онда сақтық шараларын сақтау керек – қажет болған жағдайда уақытылы білікті көмек көрсетілетін арнайы жабдықталған және күзетілетін жерлерде ғана шомылу керек. Бұл үшін Астана қаласының әкімдігі ағаш торларды пайдалана отырып қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған орындар дайындайды.

Сонымен қатар, суға түсетін орындарда медицина қызметкерлері кезекшілік ететін болады.

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.