Астаналықтарға жаңа Еңбек коде...

Жұмысқа орналастыру

15.01.2016, 13:02 Жұмысқа орналастыру Видео

Астаналықтарға жаңа Еңбек кодексінің нормалары түсіндірілуде

Бүгін Жұмыспен қамту орталығында Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі мен «Көші-қон және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының нормаларын түсіндіру бойынша ашық есік күні өтіп жатыр.

Сәрсенбай Мыңбаев, Астана қ. Кәсіподақтар орталығының төрағасы:

– Бүгін әкімдік, Кәсіподақтар орталығы және Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы ашық есік күнін өткізіп жатыр. Шара Жұмыспен қамту орталығында ұйымдастырылуда. Өйткені, адамдар бұл жерден жұмысқа орналасуға жіберіледі. Біздің білуімізше, Астанада мыңға жуық бос орын бар. Сондықтан келушілер қажет болса, жұмысқа жіберіледі.

Жұмыспен қамту орталығына көші-қон, кәсіптік оқыту және қайта даярлау бойынша сұрақтарын қою үшін келгендер аз емес. Ашық есік күні сағат 17.00 дейін өтеді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы белгілеп берген бес институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа ҚР Еңбек кодексі күшіне енді.

Құжат тараптардың теңгерімін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы еңбек қатынасын айқындай түсті. Сонымен қатар, жұмысшылар үшін  минималды еңбек стандарттары, базалық кепілдер мен өтемақылар, негізгі құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ, жұмыс берушілер тарапынан орындауды бақылау тәртібі белгіленді.

Кез келген материалды Астана қаласының http://astana.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Виртуалды қабылдау бөлмесі
Бұл тарауда сіз Әкімнің немесе Астана қаласы әкімдігінің атына өтініш-тілегіңізді жолдай аласыз.
Халықтық бақылау
Жедел шешім қабылдау мақсатындағы қалалық инфрақұрылымды жақсартуға арналған айдар.