Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалау және салу мен уақытша объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерінің жалдау құқығын сату (ағылшындық әдіс бойынша) аукцион өткізу туралы ақпарат

28.01.2016, 12:12

Астана қаласының әкімдігі Бейбітшілік көшесі, 11 мекен жайында, 2- қабат, кинозалында 2016 жылдың 16 ақпанында сағат 15:00-де өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді жобалау және салу мен уақытша объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерінің жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді

Аукционда сату үшін ұсынылып отырған жер учаскелерінің тізілімі:

лот №

Жер учаскесінің орналасқан орны

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Жер учаскесінің ауданы,

га

Бастапқы баға,

теңге

Бір жыл үшін жалдау төлемі,

теңге

Жалдау мерзімі

Кепілдік жарна сомасы

1

Астана қ., Қорғалжын тас жолы мен Е 127 (жобалық атаулары) көшенің   қиылысы ауданы

Жапсарластыра салынған орын-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені

0,8006

3 107 673

129 793

29 ай

155 384

2

Астана қ., Ильинка тұрғын алабы, Үмбетей жырау көшесі ауданы

Коттедж үлгісіндегі үйлер кешені

1,7324

3 093 311

280 857

20 ай

154 666

3

Астана қ., А123 және А125 (жобалық атауы) көшелерінің қиылысы ауданы

Паркингі бар тұрғын үй

0,4514

2 036 265

125 453

30 ай

101 813

4

Астана қ., А 123 және А 125 (жобалық атауы) көшелерінің  қиылысы ауданы

Паркингі бар тұрғын үй

0,4377

2 171 911

121 646

33 ай

108 596

5

Астана қ., Е 564 (жобалық атауы)көше ауданы

Жапсарластыра салынған орын-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені

0,5527

2 912 092

148 433 

35 ай

145 605

6

Астана қ., Е 312 және 200 (жобалық атауы) көшелерінің  қиылысы ауданы

Әкімшілік ғимарат

0,7725 

4 210 025

214 693

28 ай

210 501

7

Астана қ., С309 (жобалық атауы) көше және айналма жол ауданы

Бизнес орталық

0,3369

629 552

54 618

28 ай

31 478

8

Астана қ., С 309 (жобалық атауы)көше ауданы

Көрме-жәрмеңке орталығы

0,7243

1 016 555

117 424

21 ай

50 828

9

Астана қ., Ильинка тұрғын алабы, Латиф Хамиди, Шалкиіз жырау және Айғыржал көшелерінің қиылысы ауданы

Шағын бизнес объектілері

0,3242

682 522

52 559

21 ай

34 126

10

Астана қ., Е 546 және Е 565 (жобалық атауы) көшелерінің  қиылысы ауданы

Шағын бизнес объектілері

0,2179

662 590

50 466

21 ай

33 130

11

Астана қ., Е 542 және Е 565 (жобалық атауы) көшелерінің  қиылысы ауданы

Көрме залы

0,5066

1 540 469

117 329

21 ай

77 023

12

Астана қ., С 309 (жобалық атауы)көше ауданы

Қойма

0,6814

1 185 868

110 469

26 ай

59 293

13

Астана қ., Өндіріс тас жолы ауданы

Логистикалық орталық

0,9095

1 982 663

147 448

28 ай

99 133

14

Астана қ., Ж. Омаров және Е 250 (жобалық атауы) көшелерінің қиылысы ауданы

Паркингі бар қонақ үй кешені

0,668

1 953 065

185 651

15 ай

97 653

15

Астана қ., А 346 және  А 356 (жобалық атауы) көшелерінің  қиылысы ауданы

Шағын және орта бизнес объектілері

0,4500

1 631 543

125 064

21 ай

81 577

 

Аукционды өткізу шарттары: аукционды аукционшы өткізеді. Әрбір сауда-саттық объектісі бойынша аукцион аукционшының өз атауын, қысқаша сипаттамасын, аукционды өткізу әдісін, бастапқы баға мен бағалардың өзгеру қадамын хабарлауынан басталады. Аукцион ағылшындық әдіс бойынша өткізіледі (бастапқы бағасының өсуіне қарай). Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі шектерде өзгереді. Аукционшы объектінің бастапқы бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды. Аукционшы объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Сауда-саттық жеңімпазы анықталғаннан кейін сатушы сауда-саттық өткізу рәсімдерін, сондай-ақ сатып алу-сату шартын жасасу және оның талаптарын орындау жөніндегі тиісті міндеттерді орындамаған жағдайда, сатушы сауда-саттықта осы объект үшін шамасына қарай екінші баға берген қатысушыға (екінші сатып алушы) объектіні сатып алу құқығын береді;

Жер учаскелерінің жалдау құқығын сату шарттары және ауыртпалықтар (шектеулер) тізілімі: сатып алушы: аукцион өткізілетін күні оның нәтижелері туралы хаттамаға қол қоюға, "Астана қаласының Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" ММ-мен Астана қаласы әкімдігінің тиісті қаулысы қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алу-сату шартын жасасуға және ол бойынша міндеттерді орындауға,  игерілу шарттары туралы шартты жасасуға, жер учаскесін оның нысаналы мақсатына сай пайдалануға, қажет болған жағдайда, мүдделі тұлғаларға жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын (сервитут) беруге, жалдау төлемін уақытылы өтеуге міндетті.

Сауда-саттықта белгіленген учаскенің аукциондық құны 50%мөлшердегі аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылғаннан кейін банктік 5 күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей енгізілуі қажет.

Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна бастақы баға сомасының 5% құрайды. Кепілдік жарна «Астана қаласының Коммуналдық мүлік және мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ-нің есептік шотына қолма-қол ақшасыз жолмен төмендегі деректемелер бойынша аударылады: ЖСК KZ740705023980001001 " ҚР Қаржы министірлігі Қазынашылық комитеті " ММ, БСК KKMFKZ2A, БСН 141240027811, Кбе 12, ТБК 171.

Ескерту: Кепілдік жарна әрбір сауда-саттық объектісі бойынша бөлек енгізіледі.

Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін:

жеке тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінім; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжаты; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжат;

заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға қатысуға өтінім; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжаты; 3) резидент емес тұлғалар сауда-саттық тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе шетелдік заңды тұлғалар шетел мемлекетінің заңнамасы бойынша заңды тұлға екендігін куәландыратын, мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасы бар басқа заңдастырылған құжат береді; 4) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстыру үшін түпнұсқалары беріледі.

Сауда-саттыққа қатысуға өтініштер ақпараттық хабарламаны жариялаған күннен бастап төмендегі мекен жай бойынша қабылданады: Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 11,  650-бөлме және 2016 жылдың 15 ақпанында сағат 15:00-де аяқталады.

Аукцион қатысушыларын тіркеу (қатысуға билеті болған жағдайда) аукцион басталғанша,Астана қаласы Бейбітшілік көшесі, 11, 2-қабат, үлкен акт залымекен жайы бойынша 2016 жылдың 16 ақпанында сағат 14:00-ден бастап жүргізілетін болады.

2016 жылдың 11 ақпанында Бейбітшілік көшесі, 11 үй мекен жайында орналасқан әкімдік ғимаратында, 133 кабинетте, сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін аукционның мәселеріне түсінік беру бойынша семинар өткізіледі.

Қосымша ақпарат және анықтама келесі телефон нөмірлері арқылы беріледі: +7 (7172) 55-01-71, 55-01-67. 

Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.