Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

02.02.2016, 19:07 Жаңалықтар / ЭКСПО-2017
ЭКСПО-2017 көрмесінің «Үздік тәжірибелер аймағы» павильоны үшін іріктеу басталды

Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Үздік тәжірибелер аймағы» павильоны үшін ең үздік тәжірибелерді іріктеу басталды.

Аталған павильонда баламалы қуат көзін алу саласында жүзеге асырылған түрлі технологиялар мен жобалар көрсетілетін болады. Іріктеуді Халықаралық іріктеу комиссиясы жүзеге асырады.

Халықаралық іріктеу комиссиясының құрамында Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Смут, Халықаралық эксперименттік термоядролық реактор (ITER) ұйымының бас директоры Бернар Биго, Энергетика және пайдалы қазбалар бағытының директоры Чарльз Файнстайн, Энергия мен ресурстар институтының (TERI) бас директоры Раджендра Пачаури және т.б. бар.

Үздік тәжірибелер аймағы «Болашақ Энергиясы» форумының идеясымен үндес. Ол энергетика саласындағы үздік жобалар мен технологияларды көрсетуге арналған. Бұл аймақ – көрменің орталығы, онда қуат көзін алу, сақтау, шығарудағы үздік жобалар, климаттың өзгеруіне қатысты күрес немесе дамушы мемлекеттердің қуат көздеріне қолжетімділігі сияқты мәселелер ұсынылады.

Сонымен қатар, үздік тәжірибелер аймағы қатысушыларға энергетика саласындағы үздік жетістіктерді көрсетіп қана қоймай, тәжірибе алмасу, пікір бөлісу, сондай-ақ, осы технологияларды, стратегиялар мен жобаларды дамыту аймағына айналмақ. Бұл ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыптық құндылығы болады. 

Баламалы қуат көздерін пайдалануда жүзеге асырылған жобалары немесе технологиялары бар ғалымдар, зерттеушілер, ізденушілер тобы немесе компания өкілдері осы байқауға қатысуға өтінім бере алады. Байқау шарттары туралы толық ақпаратты http://www.ebpa2017.org/ebpa сайтынан ала аласыздар.


Кез келген материалды Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болғанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі http://astana.gov.kz.