Елордалық ардагерлер кеңесінің...

Жаңалықтар

11.02.2016, 09:32 Жаңалықтар

Елордалық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

Бүгін елорда әкімдігінде Астана қаласы ардагерлер кеңесінің Х есептік-сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев, сондай-ақ, Астана қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Сыздықов қатысты. Конференция қорытындысы бойынша делегаттар қалалық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасын сайлады.

Конференцияда өткен жылы атқарылғн жұмыстың қорытындысы шығарылып, ұйым президиумы мен комиссия мүшелері сайланды, сонымен қатар, ардагерлер ұйымдарының республикалық съезіне қатысатындар тізімі бекітілді.

– Ардагерлердің материалдық және тұрғын, мәдени-тұрмыстық, медициналық жағдайларын және басқа да қызмет көрсету түрлерін жақсарту ардагерлер кеңесі жұмысының басым бағыттары болып белгіленді, - деді А. Сыздықов.

Қалалық ардагерлер кеңесі елорданың егде жастағы тұрғындарына қызмет көрсететін барлық басқармалармен және құрылымдармен белсенді ынтымақтастық орнатты. Ардагерлерге қолдау көрсетіп, ұйымға демеушілік көмек көрсететін елордалық кәсіпкерлер мен бизнесмендерге алғыс айтылды.

Елордалық қарт адамдар мен ардагерлер қаланың тыныс-тіршілігіне белсенді араласады. Олар мектеп оқушыларымен және студенттермен кездеседі. Ардагерлердің демалуы үшін жыл сайын мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылады, шағын орталықтар жұмыс істейді. Алматы ауданында зейнеткерлерге арналған 14 шағын орталық бар, жақында тағы да бір демалыс орталығы Есіл ауданында ашылды.

Конференция делегаттары ұйым жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады. Конференция соңында Астана қаласы ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы болып Сансызбай Есілов сайланды. 

Кез келген материалды Астана қаласының http://astana.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Виртуалды қабылдау бөлмесі
Бұл тарауда сіз Әкімнің немесе Астана қаласы әкімдігінің атына өтініш-тілегіңізді жолдай аласыз.
Халықтық бақылау
Жедел шешім қабылдау мақсатындағы қалалық инфрақұрылымды жақсартуға арналған айдар.