Елордалық қонақ үйлер мен мейр...

Жаңалықтар

11.02.2016, 12:20 Жаңалықтар

Елордалық қонақ үйлер мен мейрамханалар «Recommended by EXPO-2017» ресми түрде мәртебесін алды

Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» Серіктестік бағдарламасы шеңберінде алғашқы тоғыз қонақ үй мен мейрамхана мақұлданды.

Бүгін Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» Серіктестік бағдарламасының бірінші қатысушыларына сертификаттар мен белгілерді салтанатты тапсыру рәсімі болып өтті.

Марапаттау рәсіміне Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» Серіктестік бағдарламасы Комиссиясының төрағасы, Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС өкілдері, сонымен қатар, елордалық қонақ үйлер мен мейрамханалардың және өзге де қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындардың басшылары қатысты.

«Халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесіне дайындық жүргізу және өткізу кезіндегі басты міндеттердің бірі қызмет көрсету саласында лайықты сервис ұсыну болып табылады. Көрмені өткізу деңгейіне қарай қаланың туристік дестинация ретіндегі даму келешегі  айқын болмақ. Сондықтан, біз аталмыш Серіктестік бағдарламасы шеңберінде бірлесе отырып, алдымызға қойылған міндеттерді орындай аламыз деп сенемін», - деді Нұрәлі Әлиев.

Туристік саласының он кәсіпорны арасында қызмет көрсету деңгейін бағалау нәтижелері бойынша «Астана қаласының алтын серіктесі» атағы «Soluxe Hotel Astana», «Radisson Hotel Astana» қонақ үйлеріне, «Astana Marriott» отеліне және «Korean House» мейрамханасына берілді».

«Күміс серіктес» белгісін «Park Inn by Radisson Hotel Astana» қонақ үйі жеңіп алды. «Қола серіктес» санатында «Ibis Hotel Astana», «Grand Park Esil Astana» қонақ үйлері және «Думан» қонақ үй кешені марапатталды. Ал "Peshnan" кондитерлік дүкені берілген ұпайлар саны бойынша «Астана қаласының серіктесі» санатында сертификатқа ие болды.

Бағдарламаның оныншы қатысушысы Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» Серіктестік бағдарламасының талаптарына сәйкес келмеді.

Осылайша, Астана қаласының ресми Серіктестері өз брендтерін Астана қаласы әкімдігінің, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС сайттарында, әуежай мен теміржол вокзалындағы ақпараттық киоскілерінде басымдықпен орналастыру, туристерге арналған ақпараттық материалдарда, сондай-ақ жаяу жүргіншілердің навигациялық жүйесінде орналастыру құқығына ие болады.

Қазіргі кеде Бағдарламаға қатысуға 50-ден астам өтінім берілген.

Іс-шара соңында Нұрәлі Әлиев барлық қатысушыларға сапалы жұмыстары үшін алғыс айтып, ұзақ мерзімді әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді, өз кезегінде бұл Қазақстан астанасының беделіне оң әсерін тигізбек.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қазан айында Астана қаласының әкімдігі «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп Астана қаласының «Recommended by EXPO-2017» Серіктестік бағдарламасының іске қосылғандығы туралы хабарлады. Оның жұмыс органы «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС болып табылады. Бағдарлама шеңберінде ҚР қолданыстағы заңнамасы мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, көрсетілетін қызметтер деңгейіне қойылатын талаптар әзірленді. Бағдарламаға барлық елордалық қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану орындары мен қызмет көрсету салалары қатыса алады. 

Кез келген материалды Астана қаласының http://astana.gov.kz ресми сайтына сілтеме жасағанда ғана пайдалануға рұқсат етіледі.

Виртуалды қабылдау бөлмесі
Бұл тарауда сіз Әкімнің немесе Астана қаласы әкімдігінің атына өтініш-тілегіңізді жолдай аласыз.
Халықтық бақылау
Жедел шешім қабылдау мақсатындағы қалалық инфрақұрылымды жақсартуға арналған айдар.