Астана әкімдігі

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Қалалық билік

Хорошун Сергей Михаилович

Астана әкімінің бірінші орынбасары

тел.: +7 (7172) 55 64 12
Мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау күні: әр бейсенбі, сағат 15.00 - 17.00

Сәулет және қала құрылысы, құрылыс қызметі, жер қатынастары, үлестік құрылыс саласында қабылданатын Астана қаласы әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) қаулыларының, Әкімнің шешімдері мен өкімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес болуы үшін жеке жауапкершілік алады.

Аманшаев Ермек Әмірханұлы

Әкімнің орынбасары

тел.: +7 (7172) 55 64 06
Мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау күні: әр жұма, сағат 16.00 - 18.00

Әкімдік қабылдаған қаулылардың, Әкімнің шешімдері мен өкімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес болуы үшін жеке жауапты болады, ішкі саясат, жастар саясаты және ақпарат, мәдениет, денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қорғау, дене тәрбиесі және спорт мәселелері жөніндегі актілердің және Әкімнің тапсырмаларын іске асыруды ұйымдастырады.

Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы

Әкімнің орынбасары

тел.: +7 (7172) 55 64 04
Мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау күні: әр сәрсенбі, сағат: 16.00 - 18.00

Әкімдіктің энергетика, коммуналдық шаруашылық, қоршаған ортаны қорғау, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және төтенше жағдайлардың алдын алу, қалалық қоғамдық көлік, көлік инфрақұрылымы саласындағы мәселелер жөнінде қабылданатын қаулылардың, Әкімнің шешімдері мен өкімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес болуы үшін жеке жауапкершілік жүктеледі.

Лукин Андрей Иванович

Әкімнің орынбасары

тел.: +7 (7172) 55 64 10
Мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау күні: әр дүйсенбі, 16.00 - 18.00

Әкімдік қабылдаған қаулылардың, Әкімнің шешімдері мен өкімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес болуы үшін жеке жауапты болады, салық және бюджет саясаты, экономиканың нақты секторын дамыту, азаматтарды әскери қызметке шақыру, аумақтық және азаматтық қорғаныс, тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша актілердің және Әкімнің тапсырмаларын іске асыруды ұйымдастырады.

Бектұрова Малика Ерланқызы

Әкім орынбасары

тел.: +7 (7172) 55 64 08
Мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау күні: әр сейсенбі, сағат 16.00 - 18.00

Еңбек жолын 2002 ж. ҚР Қаржы министірлігінің жетекші маманы болып бастады. Әр жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жетекші маманы, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің бас маманы, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде бөлім басшысы, басқарма басшысы және департамент директоры болып істеген.