Әлеуметтік кәсіпкерліктің қыр-сыры

Екінші топ үшін оқыту курстарын жүргізуді Эмин Әскеров 18 мамырда бастамақ. «Аталмыш курста қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерліктің қыр-сырын толықтай меңгере алады. Өз ісін қалай бастау керек? Істі жүргізу үшін алғашқы қаражатты қайдан алуға болады? Оларды қызықтыратын осындай сұрақтарға жауап табады», – деп түсіндірді кәсіпкер.

«Әлеуметтік кәсіпкерліктің өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға сүйікті ісімен айналысуға, жұмыспен қамтылып, қоғамға өз пайдасын тигізуге мүмкіндік беретінін түсіну қажет», – дейді ол. Сол себепті де бизнесмен әлеуметтік кәсіпкерлікке баулу мақсатында азаматтар үшін курстарды ұйымдастыруы қажет. «Алғашқы оқушыларым наурызда түледі. Біле білсеңіз, оларда өз шыңдарын бағындыра бастады», – деп бөлісті кәсіпкер.

Эмин Әскеров бастысы игі іс жөнінде ұмытпау керектігін айтады. Әлеуметтік кәсіпкерлік дегеніміз міне, осы. Бір өкініштісі, кейбір бизнесмендер өз ісінен ақшалай пайданы күтеді. Біздің кейіпкердің пайымынша, бұл – үлкен қателік.

Мұнда барлығы 30 адам жұмыс істейді. Олардың 26-сы – мүмкіндігі шектеулі азаматтар.

Бүгін әлеуметтік шеберханада ағаш бұйымдар, тігін цехтары, полиграфия, безендіру және тоқыма бұйымдары жасалатын, дәнекерлеу жұмыстары жүргізілетін шеберханалар бар.

Ол кезде шеберханада 13 адам ғана жұмыс істейтін. Кәсіпкердің идеяларының жүзеге асуына мамандардың тапшылығы ғана емес, басқа түйткілдер де кедергі келтіреді. «Мен кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеру үшін бәрін де тастағаным әлі есімде. Төрт ай бойы өз ісімді жүргізуге арналған қабілеттердің барлығын меңгердім. Курсты бітірген соң, біз тоқыма шеберханасын жауып, алты бағыт бойынша жұмыс істейтін «Green tal» атты жаңа шеберханамызды аштық», – дейді бизнесмен.

«Мен мамандығым бойынша әлеуметтік қызметкермін. Біздің отбасымызда да әлеуметтік қызметкерлер бар. Университетті тәмамдаған соң, бұл менің борышым, міндетім екендігін түсіндім. Әуелде біз тоқыма шеберханасын ашқан болатынбыз. Алайда, өкінішке қарай жоба өзін-өзі өтей алмай, компания тиімділігін дәлелдеген жоқ», – деді Э. Әскеров.

Кәсіпкердің айтуынша, ниеттестер тобы 2015 жылы жиналып, қоғамға пайда тигізер бірегей жобаны іске асыруға кіріскен.

Бүгінгі таңда әлеуметтік кәсіпкерлік үлкен сұранысқа ие. Адам біреуге жақсылық істеу арқылы өз жанының рахатын тауып қана қоймай, әлеуметтік жобаға қатысушы азаматтарға да өз пайдасын тигізеді. Бизнес пен қайырымдылық үйлесімділік тапқан әлеуметтік кәсіпкерлік туралы елорда әкімдігі ресми сайтының тілшілеріне «Green tal» әлеуметтік шеберханасының жетекшісі Эмин Әскеров айтып берді.

Бүгінгі таңда әлеуметтік кәсіпкерлік үлкен сұранысқа ие. Адам біреуге жақсылық істеу арқылы өз жанының рахатын тауып қана қоймай, әлеуметтік жобаға қатысушы азаматтарға да өз пайдасын тигізеді. Бизнес пен қайырымдылық үйлесімділік тапқан әлеуметтік кәсіпкерлік туралы елорда әкімдігі ресми сайтының тілшілеріне «Green tal» әлеуметтік шеберханасының жетекшісі Эмин Әскеров айтып берді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz