Ерекше өнер иесі

Светлана Дмитриева – дарынды суретші-иллюстратор, осыдан бір жыл бұрын ол өзі үшін жаңа хобби – ағаштан және жеміс сүйегінен туынды жасауды ашты. Жаңа ой қызықты өнерге қалай жетелегені туралы Астана әкімдігі ресми сайты тілшісінің материалынан оқыңыз.


Суретші өзінің картиналарының арқасында Қазақстан мен Ресейде танымал. Ол еңбек жолын балалар кітаптарына суретші-иллюстратор болып бастаған. Ағаштан түйін түюді Светлана осындан бір жыл бұрын ермегіне айналдырыпты. 

Қазірдің өзінде оның топтамасында жүзге жуық туынды бар.


«Қытайда шеберлердің жеміс сүйегінен және ағаштан гравюраны қалай кесетінін көрдім. Тұтастай бір ауыл сонымен айналысады. Мұны көрген соң, өзімде соған қызықтым. Содан ақырындап түрлі техника мен стилдерді меңгере бастадым», - дейді суретші.

Светлананың жұмыстарынан әр түрлі миниатюраны көруге болады. Солардың бірі – «Окимоно» типті ағаш түрі.  Негізінен, жұмыстар  алма және шие жемістерінің сүйегінен түйіледі. Алдымен эскиз дайындалып, дұрыс таңдалған материалға ойдағы барлық идеялар түсіріледі.   


Суретші және «хайдао» стилінде жұмыс жасайды. Бұл жеміс сүйегіне ою түсіру дегенді білдіреді. Ол мұндай материалмен жұмыс істеудің қолайлы екендігін айтады. Себебі оның структурасы және түсі бар. Тек оның ағаштан айырмашылығы: оны жақсы кептіру керек, түрлі оюларды түсіру үшін жұқа, ұшталған құралды пайдалану қажет. Ал жасалған мүсін көп сақталу үшін арнайы лакпен бояу керек.


«Осы техника үшін өрік, шабдалы сүйектерін пайдаланған қолайлы. Егер микроскоп болса, онда шие жаңғағына да салуға болады. Сондай-ақ, авокадо өзегі де қолайлы, қабығы қалың жаңғақтың кейбір түрлерінен де өте әдемі фактура шығады», - дейді Светлана Дмитриева.  

Түрлі идеялар болады. Жануарлар мен өсімдіктер әлемін бейнелейтін зергерлік бұйымдар, тұрмыстық заттарды жасауға болады. Ең бастысы ағаш жарық болмау керек. Материал жарылмай дұрыс кебуі үшін тиісті температура қажет.  Жұмыста ұсталық құрал-саймандар, сондай-ақ әр түрлі жоңғыштар және кескіштер пайдаланылады.


Соңғы жұмыстардың бірі – жапон мифологиясының мистикалық түлкісі,  окимоно стиліндегі «Кицунэ» мүсіншесі. 

«Куцунэ – өте қызықты және жұмбақ образ. Мен оны алма ағашынан шамамен 5 күн ішінде жасап шықтым. Алма ағашы менің бақшамда бар. Кесілген шыбықтар арнайы температурада кептіріледі де, сосын жұмыс істеуге арналған өте жақсы материал болады. Жұмыс дәстүрлі стильде орындалып, интерьерге арналған. Ал түлкі силуэті – жапон, қытай, корей мәдениетінде танымал қара күш. Бұл кейіпкердің мінезі де құбылмалы, бірде залым және айлакер, ал бірде жомарт», –  дейді өзінің жұмысы туралы суретші.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz