Қалдықты бөліп жина

Күн сайын қаладан 1000-1200 тонна қоқыс шығарылады. Бір жылда ол 274 мыңға жетеді. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасында қоқыстың қалай қайта өнделетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Қаладағы қалдықтарды басқару жүйесі қоқысты жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, кәдеге жарату және қалдықтарды полигонда көмуді қамтиды. Қоқысты жинау және сыртқа шығару ыңғайлы болуы үшін 24 аумаққа бөлінген. Онда контейнер тұратын 2 815 орын мен 13 759 контейнер бар.


Бұдан бөлек 140 «Молок» атты жерасты контейнері бар. Оларға манипуляторы бар екі қоқыс тасығыш көлік қызмет көрсетеді. Олардың басты тиімділі 5 текше метрлік көлемінде. Оның біреуінің сыйымдылығы 5 жай қоқыс контейнерімен бірдей.


Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бас маманы Айнұр Солтанғұлованың айтуынша, күн сайын қаладан 1000-1200 тонна қоқыс шығарылады. 2017 жылы қоқыс полигинында 247 мың тонна, өткен жылы 274 мың тонна ҚТҚ көмілген. 


Энергетика министрлігінің ақпаратынша, елімізде жыл сайын 5-6 млн тонна қоқыс шығарылады. Халық санына байланысты жан басына шаққан орташа есеппен 300 кг қоқыс. Дәлірек айтқанда, 4 жаннан тұратын отбасы жылына 1,2 тонна қоқыс шығарады», - дейді ол.

Қоқысты шығаруға 83 арнайы техника жұмылдырылады. «КамАЗ» маркалы 67 қоқыс көлігі жасыл және металл контейнерлерге салынған «дымқыл» фракциялы қоқысты немесе тамақ қалдықтарын шығарады.


-

-

Жобаны жүзеге асыру екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлікте қоқысты бөліп жинау жүзеге асырылады. Нақтырақ айтқанда, қоқыс «дымқыл» (тамақ қалдықтары) және «құрғақ» (қағаз, пластик, шыны, металл) фракцияларға бөлініп жиналады. «Құрғақ» қоқысты салуға арналған 6 276 сары контейнерлер сатылып алынбақ. Қазіргі күні қалада  3261 контейнер бар. 2018 жылдың жазынан бастап Астанада қоқыстарды жинауды жаңғыртуға арналған пилоттық жоба бастау алды, ол инвесторлар қаражатына жүзеге асуда.

Адамдардың үйде қоқысты бөліп жинауын ынталандыру үшін қала аумағын 16 қайта өндеуге жарамды қоқысты қабылдайтын орындар ашылған. Тұрғындар ол жерге қайта өндеуге жарамды макулатура, полиэтилен, стрейч-пленка, ПЭТ-шөлмектер, шыны, құтылар-тұрмыстық техника қалдықтар, алюминий банкалар сияқты қоқыстың 11 түрін тапсыра алады. Бір келі  қоқыс үшін 3 теңгеден 100 теңгеге дейін ақша алуға болады. Ең қымбаты – алюминий банкалар. Оның келісі үшін 100 теңге беріледі.  

Одан бөлек, қаладағы орта білім ордаларында қоқысты бөлім жинауға арналған контейнерлер орнатылған. Балаларға арналып экология тақырыбында сабақтар, қоқысты қайта өндеу кешендеріне экскурсия және «Қайта өндеуге!» атты акциялар ұйымдастырылып тұрады. Акция аясында оқушылар қайта өндеуге 23 тонна қоқыс тапсырған. 

2018 жылдың 2 маусымнда «Қайта өндеуге» атты эко-асар өтті, оның шеңберінде пластик, қағаз, шыны және электр тұрмыстық техника қабылданып, арнайы цехке жолданған болатын.  


Қала тұрығлары арасында қоқысты бөліп жинау мәдениетін қалыптастыру үшін баннерлер, түсіндірме парақшалары, радио, телеарналар мен әлеуметтік желілерде аудио-бейнероликтер көрсетілуде. Жақында танымал әншілер, әртістер, қоғам белсенділері бірлесіп, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға арналған ерекше фотожобаға қатысты. Жоба авторы – фотограф Дамир Өтеген.

Ол пластикалық бөтелкелер, тетрапакеттер қағаз, целлофан пакеттер бастырына құлап, беттеріне жабысқан адамдардың эмоцияларын көрсеткісі келген. #Қайтаөңдеуге атты фотожобаға Санжар Мәди, Әділ Ахметов, Ерден Телемисов, актриса және продюсер Асель Садвакасова, спортшы Валихан Тен, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, әнші Ақмаржан Көшербаева, тележүргізуші Майя Веронская, сондай-ақ фотограф Дәуір Жомарт қатысты. Жоба 2018 жылдан бастап қалада қоқыстарды бөліп жинауды үйретуге бағытталған.  


Екінші бөлікте Syctom қалдықтарды басқару жөніндегі француз агенттігінің ұсынысы бойынша тамақ қалдықтарын қайта өндеу қарастырылған. Ол осы жылдын аяғында жүзеге аса бастайды. Оны құрылыс саласында пайдалануға болады.

Одан бөлек, 3 қаңтардан бастап шағын электронды заттарды салатын арнайы контейнерлер қойылып жатыр. Арнайы қара-көк түсті контейнерлер қолданыстан шыққан шағын электр заттарды жинауға арналған. Айнұр Сонтанғұлованың айтуынша, ол электр заттардың және істен шыққан электр құралдарын қайта өндеуге немесе жоюға апаруға арналған.


Ондай контейнерлердің тек 25-і орнатылған. Осы айдың аяғына дейін 73 контейнер орнату жоспарланған. Оның айтуынша тұрмыстық техникада кадмий, қорғасын, сынап, бромделген өрттен қорғау материалдары сияқты зиянды заттар бар. 

«Барлық астаналықтарды қоқысты бөліп жинауға шақырамыз. Біріншіден, ол қаланың экологиялық жағдайына және өзіміздің денсаулығымызға тікелей қатысы бар. Қоқысты бөліп жинау арқылы біз қалдықтарды қайта өндеуге мүмкіндік жасаймыз, қаламызды таза ұстаймыз. Экологиялық мәдениет отбасыдан, үйден басталады. Әр тұрығн өз үйінде қоқысты бөліп жинауы тиіс. Себебі біздің қаламызда қоқысты бөліп жинаудың ең оңай жолы қарастырылған. Ол тамақ қалдықтарын бір бөлек, қалған қатты қоқысты бір бөлек жинауды көздейді», - деді Айнұр Солтанғұлова.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz