Біздің «Современник»

Астанадағы «Современник» Жастар театры өз күшімен жалдамалы жертөледе сахна құрған. Нағыз өнерге берілген жандардың шығармашылығы туралы елорда әкімдігі ресми сайты тілшісінің материалынан біліңіз.  


«Табакерка», «Театр.doc», «АРТиШОК» - көптеген аңызға айналған тәуелсіз театрлар жертөлелерде құрылған. Кейбірі әлі де сол жерде орналасқан. Тіпті, «Жертөле» - посткеңестік кеңістікте жастар театр студиясы үшін бір танымал атаулар. Әдетте, театрлар жағдайының нашарлығынан сол жерде орналасады. Бірақ жертөледегі ғимарат та (сондай-ақ, қойма, цех, трамвай депосы) өнер ортасы, бостандықтың, түрлі тәжірибелер жасаудың, жаңалықтың алаңы бола алады.

Астанадағы халықтық «Современник» театрына 40 толып отыр. Театр көп жыл Оқушылар сарайындағы орнын тастап, Кенесары №8 (қиылысы Сарыарқа) тұрғын үйдің жертөлесіне көшіп шыққанда түпкілікті тәуелсіз болды.

«Біз бұл жерге келгенде, ештеңе болған жоқ, ғимараттың іргесі де ақталмаған болатын. Біздің ешбіріміздің құрылысшы мамандығы бойынша біліміміз жоқ болса да, ғимаратты барлығымыз бірігіп жөнге келтірдік», – дейді театр жетекшілерінің бірі Бауыржан Тоғызбай.

Олар өздері жертөлені тазалап, ішін қайта бөліп, қабырғаларын гипсокартонмен тегістеп, еденді жылытып, ашық та жарық қылған. Ұжым зал мен сахнаны жайластырып, сахна киімдерін қоятын бөлмені де ұйымдастырыпты. Жұмыс әлі де жалғасуда.

«Театр киім ілгіштен басталады». Бәлкім, бұл қарабайырлық болар. Алайда осы жолы орынды айтылып отыр.

Ғимарат қабырғалары боялған, театр спектаклдерінің афишалары ілінген. Бұл жерде қанша афиша бар екен? Ұжым мүшелерінің айтуына қарағанда, олар қанша афиша барын санамаған, ал жартысы әлі ілінбеген. Ең ескі - афиша Е Шварцтың «Айдаһар» спектаклі. Ол 1989 жылы целиноградтық Жастар сарайында қойылған болатын.


Бұл спектакль және көптеген басқа қойылымды да 35 жылдан аса «Современник» театрының көркемдік жетекшісі Наталья Владимировна Смецкая қойды.

Студиялық оқыту негізі оның авторлық «Өз-өзіңмен болу өнері» бағдарламасы негізінде қаланған.

Мұнда актерлік шеберлікке, сахналық қозғалысқа, пантомимаға, хореографияға, дауыс қоюға үйретеді.


Қазір театрда сабақты негізінен Наталья Смецкаяның алдынғы буын оқушылары жүргізеді. Бауыржан Тоғызбай мен Виталий Яковлев спектакльдер қойып, продюсерлік жасайды. Рузалия Валиева «Современник» театры жанындағы балаларға арналған «Арлекин» мектеп-студиясының оқытушысы, Тимур Асанов хореограф болып қызмет етеді.

Смецкаяның көптеген тәрбиеленушілері кәсіби актер мен режиссер, театр және кино саласында жұмыс істейді. Олардың арасында шетелде жұмыс істейтіндері де бар. Десек те, олар театр ұжымымен байланысын үзбеген. Мысалы, Айдана Нұрахимова – актриса, пластикалық және физикалық театр режиссері, Чехияда тұрып, сонда жұмыс істейді. Ол театрдың тағы бір түлегімен бірлесіп, «Современник» театрында эксперименттік спектакльды қоймақ.

«Жақында бізде пластикалық театр - «Бумажная роза» тәжірибесі қолға алынды. Бұл біз үшін таңсық болғандықтан, осы бағытта жұмыс жасағымыз келеді», – дейді театр жетекшілерінің бірі Виталий Яковлев.

Одан бөлек, қазір театр труппасы «Мен – қанішермін» атты әлеуметтік және лаңкестікке қарсы қойылымды дайындап жатыр. Оны Қазақ музыкалық-драма театрының әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Гүлбаршын Қылышбай қоюда.  

Болашақта труппа Шекспирдің – «Буря» немесе «Двенадцатая ночь» спектакльдерін қоюды үміттенеді.


«Современник» театрында өзінің кішкентай сахнасы бар. Әдетте премьера және басқа да маңызды қойлымдар кезінде студя кәсіби  алаңды таңдайды.

Театрдың жуырда қоятын Паоло Дженевезенің «Идеальные незнакомцы» премьерасы «Жастар» театры сахнасында 16 ақпанда қойылады.  

«Бұл – отбасы тақырыбына арналған маңызды комедия. Негізі, бұл пьеса емес, фильм. Бірақ, бізге ұнаған соң, киносценарийге бейімдендірді», – деді Виталий Яковлев.


Театр не береді? Рөлдер, кәсіби өсу, жақсы физикалық форма, өзіне деген сенімділік, көп дос... Бір сөзбен айтқанда, бұл «бақытты билет» (айтпақшы, өткен жазда алғаш өткен театрдың  халықаралық фестивалі солай аталады).


Александр Дехтярев – 11-ші сынып оқушысы. Ал театрға ол міне алтыншы жыл келіп жүр. «Осы жылдар аралығында өзгердім бе? Әрине, өте қатты өзгердім! Түрлі үйірмелерге қатысып жүрсем де, мен тұйық, ұяң болдым. Ата-анама мені үйірмелерге беру керек деп кеңес айтқандар болды. Театрдың арқасында мен көп дүниені үйрендім. Мен өз бағытымды айқындадым, Мәскеуге барып актерлікке түсемін деп шештім», – дейді Саша.  

Айя Рамазанова кино саласында режиссер көмекшісі болып жұмыс істейді. Ол «Современникке» бірнеше ай бұрын келген.

«Мен ашық болуды, адамдардың мені естігенін қаладым… Менің жұмысымда осындай қасиеттер өте керек. Ал театр маған осы бағытта көмек берді», – дейді Айя.

«Современник» кәсіби білімі бар актерлерді іздемейді, жас бойынша да шектеу қоймайды. Труппа қатарына ену үшін тек тыңдаудан өту керек. Бауыржан Тоғызбайдың айтуынша, өнерге талпынысы бар барлық адам театрдың сахнасына шыға алады.

«Бәріміз де түбінде баламыз. Ал балалардың барлығы дарынды. Тіпті, олар ержетіп кетсе де».


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz