Цирк ханшайымы – Ёка!

Ёка Қоңырбаева – цирктегі жалпы өтілі 73 жыл болатын Қоңырбаевтар династиясының өкілі. Цирк әртісінің өмірінің сан қилы бұлтарыстары туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты тілшісі баяндайды.

Ёка – «Veo-Veo», «Latino» халықаралық фестивальдерінің лауреаты, «Шабыт» халықаралық цирк фестивалінің Гран-при иегері, әуе эквилибристі.


Ол 2018 жылы «Азия жаңғырығы» фестивалінде өнер көрсеткеннен кейін халықаралық аренаға өтіп, «Латино» мен «Монте-Карло» фестивальдеріне шақырылды.


«Біз қаңтар айында Монако князьдігінде өнер көрсеттік. Бұл – ең беделді цирк фестивалдерінің бірі. Осы байқаудан наградаға ие болдық», - дейді Ёка Қоңырбаева.

Ол гастрольдік сапармен Беларусь, Испания, Италия, Монако, Жапония, Франция, Швейцарияда болды. Ең ұзақ гастрольдік сапарымен Аустралияға барыпты. Ол шамамен 2 жылға созылған екен. 2006 жылы мәдениеттің дамуына қосқан үлесі үшін Ёка ел Президентінің қолынан пәтер кілтін алды.


«Сол кезде мен ең қауіпті нөмірлердің бірін орындадым – сақтандырусыз 20 метрлік күмбезге жалаушамен көтерілдім. Жалпы алғанда, бұл ерлердің трюгі, оны әлемде бірнеше адам тек 8 метрге ғана орындады», – дейді әртіс.

Ёка Қоңырбаеваның айтуынша, цирктің өз ырымдары бар. Мысалы, манежге арқамен отыруға болмайды. Ол цирк өнеріне деген құрметсіздікті білдіреді. Әртістерге циркте шемішке шағуға болмайды – көрермендер аз болады деген ырым.

«Соңғы» деген сөзді айтуға болмайды. «Тағы бір рет», «қорытынды қойылым» дейді. Жұмыс алдында костюмдер тігуге және қайта тігуге болмайды. Монте-Карлода өткен фестивальде менің құлыпым сынып, оны ең үздік өнер көрсетер алдында тігуге тура келді. Нөмірде сақтандырусыз орындалатын өте күрделі трюктер бар және әрине, өте қызықты болды. Бірақ бәрі жақсы өтті», – деді әртіс.

«Бұл мамандықтың ең үлкен артықшылығы саяхаттап, ел көріп, жаңа мәдениет, әдет-ғұрыппен танысатын мүмкіндік бар. Бұл сені жақсы жаққа өзгертеді, адамдарға толерантты түрде қарауға тырысасың. Өйткені жердегі барлық адамдардың өздері де көзқарасы да әртүрлі екенін түсінесің», – деп толықтырды ол.  

Цирк әртістері – күлкі, жағымды және әсерлі эмоциялар сыйлайтын адамдар. Бұл – аталмыш мамандықтың ең маңызды тұсы.

«Цирк өнерінде маған не ұнайды? Көрермендердің күлкі үйірілген жүзін көру. Циркке келгенде, олар адамның керемет және жаңа мүмкіндіктерінен тыс мүлдем жаңа әлемге кіреді. Әртіс үшін ең бастысы, көрермендердің жақсы демалып, ұмытылмас жағымды эмоциялар алуы», – дейді Ёка Қоңырбаева.

Әртістің ерекше есімінің тарихы кез келген оқырманға қызықты деген ойдамын...

«Мені әнші Йоко Ононың құрметіне атады. Ал Ёка деп құлаққа жағымды естілуі үшін».


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz