Бөгенбай даңғылы, 28-ші үйде жаңа лифт іске қосылды

«Осы үйдің тұрғындары қытайлықтар өндірген лифтіні өздері таңдады. Олар басқа үлгіні де таңдауына болады. Лифт заманауи қауіпсіздік талаптарының бәріне сәйкес жауап береді. Өткен жылы өңірлік дамыту бағдарламасы бойынша 63 лифт ауыстырылған болатын. Биыл да осы бағытта жұмыстар жасалуда», – деді «Өркен қала» реновация бөлімінің басшысы Болат Түгелбаев.

Нәтижесінде тұрғындар жиналып қала әкімдігіне шағымданады. Мұнда оларға лифтіні өңірлік дамыту бағдарламасы бойынша ауыстыруды ұсынады. Бұл механизм мемлекеттен көмек алуға мүмкіндік береді. Ол үшін «Өркен қала» бағдарламасының компания-операторына құжат тапсыруы тиіс. Әрі қарай келісім бекітіліп, мердігер таңдалады. Мұның бәрі де тұрғындардың бақылауымен жүзеге асырылады.

«Әсіресе жедел жәрдем шақырған кезде олар биікке жаяу көтерілгісі келмей, кері бұрылып кетіп қалатын. Балаларым 25 қабатта тұратындықтан, мұнда кіру де, шығу да қиын. Сол себепті, олар менің үйімде біраз уақыт тұрып келді», – дейді Светлана Ли.

Бөгенбай даңғылы, 28 үйде орналасқан «Свечки» ТК-де өткен жылы жазда бірнеше ай лифтінің жұмыс істемей қалғанын тұрғындар ұмыта қойған жоқ. Зардабын әрине көпқабатты үйде тұратындардың өзі тартқан болатын.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша лифт ауыстырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz