Шектеусіз мүмкіндіктер

Бұл – өзіне сеніп қана қоймай, ерік-жігері мен мінезі арқылы өзгелерді де шабыттандыра білген бойжеткен қыздың оқиғасы. Ол мүгедектер арбасы белсенді әрі қызықты өмір салтын ұстануға кедергі емес екенін дәлелдеп келеді. Жаннат парашютпен секіріп, йогамен айналысады. Өз армандарын жүзеге асыру жолында ол қандай кедергілерді жеңді? Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі ресми сайты тілшісінің материалынан оқыңыз.

Жаннат Бабағұлова бұрын астаналық радиостанциядағы «Кедергісіз өмір» бағдарламасының жүргізушісі болса, қазір елордалық компаниялардың бірінде табысты маман әрі парашютпен секіретін спортшы.


Жаннат Көкшетау медициналық колледжін бітіріп, мамандығы бойынша медбике қызметін атқарған. Алайда көлік апаты оның өмірін күрт өзгертіп жіберді. Дегенмен, мүгедектік оның сағын сындырған емес. Керісінше, өмірге деген көзқарасын өзгертіп, кез келген жағдайда төзімділік танытуға үйретті. Бұдан кейін оның өмірі дәрігер Бубновский орталығының функционалдық терапия залындағы сабақтардан, инемен емдеуден,  бассейннен, атқа мінуден, үстел теннисінен, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жарыстарға қатысудан тұрды. Бұл – оның өз ауруын еңсеріп, әрекет жасағысы келгенге дейінгі кестесі.

«Бүгін мен 3000 метрден астам биіктіктен 7 рет секірдім. Спортпен айналыса отырып, жаңа істерді қолға алуға ниет пайда болады, егер адам бір нәрсені шын жүрекпен қаласа, оның алдында ешқандай кедергі жоқ екендігіне көз жеткізесің. 2015 жылы мен алғаш рет әуесқой секірумен айналысқан адаммен таныстым. Әрине, мен тандемде шебер Александр Власенкомен және әуе бейнесінің операторы Тимофей Меркуловпен секірдім. Эмоцияларды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Сен ұшасың, сол сәтте барлық проблемалар мен қиындықтар сені тастап кетеді, жеңіл болады», – дейді Жаннат.


Жаннаттың айтуынша, парашютпен секіруді ұйымдастыратын клуб Астана-Көкшетау трассасының сыртында орналасқан. Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін ешқандай шектеу жоқ.

«Адамдар үшін барлық жағдай жасалуда. Сенің арбада отыратындығың маңызды емес. Ең бастысы, аспан мен парашюттің шексіз кеңістікті, экстрим сезімін, еркіндік пен адамның шексіз мүмкіндіктерін сүйетін адамдарды біріктіретіндігі», – деп толықтырды спортшы.


Жаннат командасымен бірге мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы халықаралық Handi FLY-2018 парашют фестиваліне қатысты. Байқау былтыр жазда Ресейде өткен болатын. Оған Франция, Беларусь, Грекия, Польша, Латвия, Македония және Ресейден 30-дан астам команда қатысты. Қазақстан бұл фестивальде тұңғыш рет бақ сынады. Отандық қатысушылар 31 команда арасынан 20-шы орынға ие болды. Қазақстандық команда «ДОС» Тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектердің қоғамдық бірлестігі қолдауымен өнер көрсетті. Балалар аталмыш фестивальде биыл да бой көрсетпек.


«Спорттың бұл түрі – мінезді шыңдау тәсілдерінің бірі. Сондай-ақ, бұл жаңа мүдделерді танып, табиғат пен таза ауадан ләззат алуға тамаша мүмкіндік.Ниет болса, кез келген биіктікті бағындыруға болады. Жер басып жүрсеңіз, уақытыңыз бар болса, деніңіз сау болса, неге көрмеске?!», – деп атап өтті Жаннат.

«Мен парашютпен секіргенде, өзімді қалықтаған құстай сезінемін. Осы сынды эмоциялар мен өмірімнің жарқын сәттерін есте сақтап қалуға тырысамын. Бастаған ісімнің барлығы оңай жүзеге ассын деген ниетпен. Ал арбадағы адам үшін бұл сезім екі есе бақыт сыйлайды», – дейді спортшы қыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz/kz/news/news/18093

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz