Астаналықтар жақсылық жасауға асығуда

Елордада «Махаббат сыйлағым келеді» атты әлеуметтік акция өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.


Instagram әлеуметтік желісінде әртүрлі ұйымдардың еріктілері мұқтаж адамдарға көмек көрсететін shag_vmeste_astana (бір қадам бірге Астана) қауымдастығын құрды.


«Біз азық-түлік пен киім-кешек сатып аламыз, оны көпбалалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар, жалғызбасты зейнеткерлерге таратамыз. Барлық фото және бейне есептерді біздің парақшадан табуға болады. Біздің ұйымда тұрақты негізде 9 ерікті жұмыс істейді. Аккаунттың тұрақты жазылушылары үлкен көмек көрсетеді. Бір апта ішінде біз 10 отбасыға көмектестік. Көмекті ұйымдастыру қиын емес, ең бастысы жақсылық жасауға ниет», – дейді топ еріктісі Ғалия.

Еріктілердің қайырымды істері арасында БЦП диагнозы бар балаларға көмек көрсететіндерді де кездестіруге болады. Барлық тілек білдірушілер көмек көрсете алады. Instagram-дағы  dobraya_pokupka парақшасында барлық тілек білдірушілер БЦП диагнозы бар балалардың аналарының қолымен жасалған заттарды сатып ала алады. Ал сатып алудан түскен ақша балаларды емдеуге жұмсалады.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz