Сахна артында

Актерлерге киімді кім тігеді, қалай тігеді, декарация элементтері қалай жасалады? «Астана Опера» театрының сахна сыртындағы тыныс-тіршілігі туралы Астана әкімдігі сайтының материалынан біліңіз.


Театр 2013 жылы Президент тапсырмасы бойынша ашылған. «Біз театрдың фойесінде тұрмыз. Бұл әлемдегі классикалық тетарлардың ең үлкен фойесі. Бұның ені 3 мың шаршы метр, ол театрдың мраморлы залы есебінде де қарастырылады. Ол 500 орындық залға айналады. Бұл жерде оркестр мен хордың орны көрсетілген арнайы нүктелер бар.

Тас өзіндік жаңғырық береді. Одан әрі тілшімізге театрдың басты залы көрсетілді.


Ол кезде залда «Евгений Онегин» операсына дайындық жүріп жатқан болатын.


Басты зал 1250 орынға арналған. Зал қабырғаларында микрофон жоқ, тек айна бар.

Зал акустикалық фонды өзгерте алатын бірегейлікке ие. Екі түрлі қызыл және ақ мата түсіріледі, сол кезде зал өзінің акустикасын өзгертеді. Маталардың қалыңдығы екі түрлі - бірі қалың, бірі жұқалау. Соған сай дыбыс басылады немесе зорайады. Ақ мата қалың болғандықтан, дыбыс бәсендейді. Ал қызыл мата өзгеше. Ол өте ерекше технология.  Акустиканы италья және неміс мамандары ұйымдастырды. Қай бұрышта тұрсаңыз да, әуен өте анық естіледі.


Театр сахнасы өте жаңа және ерекше. Мамандардың айтуынша, бұл сахнада барлық технологиялық шешімдер қолданылған. 

Бұл режиссер отыратын дүнгіршек. Бұл жерде спектакльды бақылап отыруға арналған барлық техника бар.


Дайындық залы хор мен оркестрдің бірлесіп дайындалуына мүмкіндік береді.

Бұл жерде оркестр мен музыканттардың бірлесіп дайындық жасауына барынша ыңғайлы және жайлы болуы үшін, айналаның бары арнайы акустикалық панельдермен, барлық талапты экспертизаға сай жасалған. Театрымызда осындай түрлі көлемдегі акустикалық  26 бөлме бар. Бәрінде дайындық жүріп жатыр, бәрінде шығармашылық қызу жұмыс. 


Ал мына есіктің арғы жағы - балет қабаты.

Осы жерде 12 сынып орналасқан. Балалар дайындалатын сынып та бар. Еденге амортизация үшін арнайы балет линолеумы төселген.


Жақын жерде клон-сахна орналасқан. Бұл – үлкен дайындық залы. Ол зал сахнаның тура көшірмесі болып табылады. Сол себепті де оны клон-зал дейді. Сахна бос болмаған кезде, барлық дайындық осында жүреді. 


Алайда спектаклдің жетістігі тек  әртістерге ғана байланысты емес. Костюм жөніндегі суретшілер де өз үлесін қосады.


Бутафор цехының шеберлері қару-жарақ (қылыш, семсер, қанжар) ғана дайындамайды, сонымен бірге декорациялар және ұсақ декор элементтерін де дайындайды.  

Декорация өте сапалы жасалады, оған қатты мән береміз. Осында өз ісінің мықты шеберлері жұмыс істейді.


Шеберлердің айтуынша, олар дайындаған декор заттары жылдап қолданылады екен, тек спектакль репертуардан алынған кезде ғана есептен шығарылады.

Театр музейі де өте қызықты. 

Театрдың музейі өзге опера балет театрларынан ерекше. Бұл музейде Қазақстанның классикалық өнер артефактілері, өнер қайраткерлерінің жеке заттары, айтулы опера әншілерінің киімдері, музыкалық аспаптары сақталған. «Астана Опера» театрында жұмыс істейтіндердің уақыты минут бойынша жазылған. 

Қойылымның тамаша өтуі үшін жүздеген адам сахна сыртында жұмыс істеп жатады.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz