Елордада қандай әлеуметтік көмек көрсетіледі?

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері мүгедек балалары бар көпбалалы отбасылар мен аналардың жағдайын біліп қайтты. Кездесу барысын әкімдіктің ресми сайты тілшісінің материалынан оқыңыз.

Көпбалалы отбасыларға кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары бар отбасылар жатады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, бүгін Астанада 434 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.


Басқарма өкілдері алдымен Нұрсұлу Есжановаға келді. Оның баласына мүгедектік бойынша жәрдемақы тағайындалған. Себебі оның қызы Айзада өздігінен қозғала алмайды. Осыған сәйкес, отбасы барлық қажетті жәрдемақыны алып отыр. Сәби үнемі медициналық тексеруден өтіп тұрады.


Жақында анасының өтініші бойынша оларға қазақстандық өндірістің жаңа арбасы берілді. Қыз бен оның әпкесі сыйлықты үлкен қуанышпен қабылдады. Жаңа арбаның ыңғайлылығы өз алдына, сондай-ақ ол баланың параметрлері бойынша дайындалады. Жиналмалы арба баланың өсуіне қарай реттеледі де.

Арбаларды «Дос.«Тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектердің қоғамдық бірлестігі дайындайды. 2019 жылдың басынан 4 арба берілді. Бала өскен жағдайда, отбасы оларды Орталыққа қайтара алады немесе қайырымдылыққа бере алады.


Одан әрі біз Мырзағалиевтер отбасына бардық.


Отбасы бүгін бес баланы тәрбиелеуде. Ең кіші баласы 7 айда.

Отбасының анасы жұмыспен қамту басқармасының өкілінен қажетті құжаттар пакетін қалай алуға болатынын түсіндіруді сұрады. Алматы ауданы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау бөлімінің бас маманы Нағима Манақбаева көпбалалы анаға әлеуметтік көмек алудың жолдары туралы айтып берді.


«Қазіргі уақытта көпбалалы аналардың өтініші бойынша басқарма қызметкерлері біздің ведомство желісі бойынша атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мысалы, бұл жанұяда жеті адам бар: ата-анасы және бес бала. Отағасы жалдамалы қызметкер болып жұмыс істейді. Олар жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қорғау бөліміне өтініш жасауға және қарастырылған әлеуметтік төлемдерді алу үшін құжаттарды тапсыруға құқылы.Отбасының барлық мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар, отбасының табысы туралы анықтама қажет. Осы құжаттардың негізінде жәрдемақы тағайындалады. Бұдан кейін балалар оқитын мектеп әкімшілігіне отбасы жағдайы төмен екендігін растайтын анықтама жіберіледі», - деді Алматы ауданы әлеуметтік жәрдемақы тағайындау бөлімінің бас маманы Нағима Манақбаева.

Айта кетейік, жәрдемақыны рәсімдеудің барлық мәселелері бойынша Бейбітшілік көшесі, 25 мекенжайы бойынша орналасқан жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Ал барлық қажетті ақпаратты Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасынан ала аласыздар. Сондай-ақ толық ақпарат http://www.enbek.gov.kz/ru/frontpage ресми сайтында орналастырылған. 


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz