Астаналық студенттердің өмірі

Астанада колледж студенттеріне арналған жатақханалардың жаңа типі пайда болды. Хостелдегі жастардың өмірі туралы елорда әкімдігінің ресми сайты баяндайды.

Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асырудың аясында «Әл-Қуат» хостелі «Жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және студенттерге жағдай жасау сапасын жоғарылату» бағытын іске асырудың қатысушысы атанды. Мұнда бүгінге дейін елордадағы төрт колледждің 300 студенті тұрады. Тұрғындардың айтуынша, жатақханада тұру ыңғайлы. Мұнда тегін интернет бар. Сондай-ақ, «аспаз» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер өз білімі мен қабілеттерін өз бетінше меңгеруі үшін асхана жұмыс істейді.


Студенттер кең, жарық, түрлі өсімдіктер өсіп тұрған холлда жиналғанды ұнатады. 

Хостелда кітапхана бар. Кітап оқуды ұнататын жан өзіне ұнаған автордың кітабын тауып оқиды. Мұнда тыныштықта отырып оқуға дайындалуға болады.

Әр бөлмеде екі немесе төрт адам тұрады. Әр бөлменің өзіндік жылуы бар. Қыздар тұратын бөлмелерде жылық басым. Жып-жинақы жиналған. Қабырғаларына туыстарының және достарының суреттері ілінген. 

Сабақтан соң әркім уақыттарын өз қалауы бойынша өткізеді.


Бірі музыкалық аспапта, бірі шахмат ойнаса, енді бірі сабақ оқып отырады.

«Басқа колледж студентері осында тұратын достарына келгенде, олардың тұратын жерін көріп таң қалады. Біздің студенттер оларға өздерінің тұратын бөлмесін, хостелді көрсетеді. Студенттердің осы жерде тұрғындарын мақтан ететінін естігенде біз де қуанамыз. Жалпы біз үй жағдайын жасауға тырысамыз, студенттер бір-біріне көмектесіп, ал мұғалім ақыл-кеңес беріп, оқуда көмектесіп, ақылшы болып мықты азамат болуына жәрдемдеседі», – дейді «Әл-Қуат» хостелінің директоры Гүлжанат Маусымбаева. 

«Маған осы жер өте ұнайды. Хостел колледжге өте жақын. Сабақтан соң қалауымызша демаламыз. Түрлі ойындар ойнаймыз. Ас бөлмесінде ас дайындаймыз, теледидар көреміз. Бір-бірімізге көмектесеміз, біздің әр күніміз қызықты өтеді», – дейді Еуразия гуманитарлық колледжінің 2 курс студенті Жасмин.


Жақында хостелде спорттық зал мен бокс секциясы ашылды. Онда студенттер спортпен шұғылданады. 

Ол барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған: соққыны шындауға арналған қап, гантельдер, жаттығуға арналған қолғап, доптар және тағы басқалар бар. Студенттер үйіндегі тіршілік қайнап жатыр. Студенттердің айтуынша, мұндағы білім алуға және демалуға жасалған жағдай мұңаюға жол бермейді. Жылылық пен жайлылық – оқудағы жақсы нәтижелердің кепілі. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz