Автобус тізгіндеген Оксана

Таныс болыңыздар! Оксана Якимова – №1 автобус паркінің жүргізушісі болып жұмыс істейтін әдемі әрі жарқын жүзді әйел. Оның еңбек жолы  жайлы Астана әкімдігі ресми сайты тілшісінің матриалынан оқи аласыздар.

Оксана кездейсоқ хабарландырудың тағдырына айналарын білген жоқ. Оның жаңа жұмысы арманын жүзеге асырып, сүйікті ісіне айналды. Оксана осы салаға 2001 жылы келді. Ол кезде қалада әлі троллейбустар қатынайтын.

«Жалпы білімім бойынша мен бухгалтермін, оқуды қызыл дипломмен бітірдім. Бірақ өмірімді түбегейлі өзгертіп жіберген жағдайлар орын алды. Қазір маған біреу бұл жұмысты таста, немесе бұл көліктерді менен тартып алса, мен ақырына дейін күресетін боламын! Менің көлік жүргізуге деген ықыласым өмірімнің бір бөлігіне айналды», – дейді Оксана Якимова.


Оның айтуынша, қоғамдық көлік жүргізушісінің жұмысы қызықты болғанымен қиындығы қатар жүреді. Барлығын қадағалап отыру қажет. Әсіресе, кеңесшілердің көмегі зор. Олар жауапкершіліктің бір бөлігін өзіне алады. Сонда ғана сен бар назарыңды жұмысқа аудара аласың. Өйткені кейбір жолаушылар жүргізуші қозғалысты бастаған кезде төлем жасайды.

«Жолаушылар автобусының рөлінен әйел адамды көргенде әртүрлі қабылдайды. Бикештер шынайы күлімсіреп қарсы алады, ал ерлер таңданып, таң қалады. Әсіресе, бізді зейнеткерлер жақсы көреді. Мен әрқашан олардың автобусқа мінуін асықпай күтіп, қозғала бастаймын», – дейді Оксана.


Осы әдемі және жарқын жүзді әйелдің жұмыс күні таңсәріден басталады. Себебі адамдар жұмысқа кешікпеуі үшін желіге ерте шығу керек. Бірақ ең алдымен медициналық тексеруден өтеді. Сондай-ақ, машиналарды жуып, жолға дайындайды. Әдетте жұмыс күні кешке аяқталады. Бірақ жүргізушілер кезектесіп жұмыс істейді.

«Жұмыс моральдық тұрғыдан қиын. Әртүрлі жолаушылар бар: күлімсіреп, күні бойы позитив сыйлайтындар немесе мәдениетсіздік танытатындары да жоқ емес. Біздің мамандықта осы сынды жағдайларға көз жұма қарау қажет. Жалпы алғанда, жұмыс адамдардың психологиясын дамытуға, өсуге, тануға үлкен мүмкіндік береді. Ал ең бастысы – жолаушылармен ортақ тіл табыса алу», – деді Оксана.

Кешке оны анасы мен екі қызы үйде күтеді. Оксана бос уақытын соларға арнайды. Оның үстіне, жақында ол әже атанбақ.

«Мен не туралы армандаймын? Менің отбасым, сүйікті жұмысым және айналамда жақындарым бар. Кешкі уақытта мен балаларыма көңіл бөлемін. Өздеріңіз білесіздер, егер үйдегі кішкентай бала кенеттен тынышталып қалса, міндетті түрде көңіл бөлу керек», – дейді О.Якимова.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz