Болат магнолия

Мереке күні Астана әкімдігінің ресми сайты зор жетістіктерге қол жеткізген нәзік жандылар туралы айтады.

Сұхбат туралы келіскенде Анжелика: «таңертеңнен түскі асқа дейін менде гемодиализ бар, сосын маған жұмысқа бару қажет, содан кейін ғана кездесе аламыз» деп ескертті. Таңертең ол Facebook-ке өзінің әдемі суретін (жоғарыдағы сияқты) және «өзін керемет сезінетіндігі туралы жазба қалдырды.


Нәзік, ұстамды және көңілді, ақылды әрі әдемі Анжелика Сергеева өмір жолында үлкен қиындықтарды жеңе отырып, адамдарға көмек көрсету үшін психолог мамандығын таңдады.

Анжелика Ұлттық балаларды оңалту орталығында психолог болып жұмыс істейді. Туа біткен spina bifida омыртқа ауруының салдарынан бойжеткен тек арбамен жүреді. Оның жеке тәжірибесі ерекше балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеуге көмектеседі.

Анжелика Сергеева (Тешаева) Астанада №16 мектепті бітіріп, үйде оқыды. Мектепті бітіргеннен кейін ол медициналық академияға түскісі келді, бірақ жағдай болмағандықтан, оның құжаттарын қабылдамады. Бірақ Анжелика Қазақстан-Ресей университетіне тапсырды. Ол бұл шешімді кездейсоқ қабылдады. Анжеликаға дос қызы қоңырау шалып, онымен бірге «психологияға» түсуге шақырды. Қазақстан-Ресей университетінде жағдай жасалған, жеделсаты болған еді.

«Өзімнің оқуға деген ынтамды дәлелдеу мақсатында онда төрт рет баруға тура келді. Олар келісім берді, ал мен қабылдау емтихандарынан сүрінбей өттім», - деп еске алады Анжелика. «Менің ынтамды оятқан не? Психология медицинаға жақын деп ойладым, психологтар да адамдарға көмек қолын жиі созады. Ең қызықтысы, мен медицина туралы армандаған кезде, стационарда жұмыс істегім келетін. Емделушілердің палатасына бара аламын, олардың көңілін аулап, сөйлесе аламын.


Алдымен Анжелика Сергеева «Демеу» ЖДА жұмыс істеді, 10 жылдан бері ұлттық балаларды оңалту орталығында еңбек етіп келеді.

«Біз қимыл-қозғалыс және интеллектуалдық бұзылыстары бар балаларға диагностика мен түзету жұмыстарын жүргіземіз. Бұл балалар БЦП, Даун синдромы және басқа да ауруларға шалдыққан. Түзету қалай өтеді? Ойын түрінде балаларға әлі жоқ дағдыларды беруге тырысамыз. Сондықтан біз ата-аналармен де жұмыс істейміз, консультациялар мен тренингтер өткіземіз», - дейді Анжелика.

Ол жұмыс істейтін бөлімше «Болашақ» деп аталады, онда 4-тен 7 жасқа дейінгі балалар оңалтудан өтеді. Оның тәжірибесінде қозғалуы шектелген кішкентай пациенттер көп. Тек білім ғана емес, сонымен қатар жеке өмірлік тәжірибесі оны балалар үшін де, олардың ата-аналары үшін де білікті маман ретінде көрсетеді. «Жақында алты жасар қызыммен әңгіме болды. Ол менен былай деп сұрады: «Қалай өмір сүруге болады?».

Мен арбада отырып та өмір сүруге болатынын түсіндірдім. Мен өзімді ашушаң психолог деп айта аламын, өйткені мен кез келген сұрақты тік қойып қаламын. Ол ойлана бастады. Біз онымен тағы не істеуге болатынын, өмірде тағы қандай қуаныштар бар екенін тізбектей бастадық: «Иә, біз сенімен бірге арбада отырамыз. Бірақ біз ойлай аламыз, сөйлей аламыз, қолымыз жұмыс істейді...».

Нәтижесінде мен оған былай дедім: «Бізді кедей және бақытсыз деп ойлайтын адамдардың өзіне аянышпен қарау керек. Мұндай адамдар дамудан мақұрым».

Анжелика оқуын жалғастыруда: көптеген біліктілікті арттыру курстарынан өтті, соның ішінде клиникалық психология бойынша екі жылдық бағдарлама, дағдарыстық жағдайларды психотерапиялау бойынша екі жылдық мамандану курстары да бар. Сонымен қатар, оның қызығушылығы көп. Арбада отырып бал билерімен шұғылданып, конкурстарға қатысты. Екі жыл бұрын тастап кетсе де, қазір ол қайтып оралуды көздеп отыр. Маникюр және визаж курсын аяқтады, тәжірибені туған-туысқандарына және өз-өзіне пайдаланады. Әйелдерді көбіне, әсіресе мереке күндері гүлдермен салыстырады. «Болат магнолия» тіркесі Анжеликаға лайық сияқты.


Күйеуі Сергей мен Анжелика бір-бірін танысу сайтынан тапқан. Хат жазысып, скайппен сөйлесіп, содан кейін ол Волгоградтан келді.

Олар алтыншы жыл бірге. Өткен жылдың жазында Анжелика балаларды оңалту ұлттық орталығының аумағындағы шағын отбасылық жатақханаға көшті.

«Отбасылық өмір қалай? Барлығы жақсы! Тек екеуден екеу өмір сүре бастағанда, бір-біріңнен үйренетін нәрселердің барын түсінесің. Күйеуім маған өте көп көмектеседі. Соңғы уақытта барлық тазалық жұмыстарын өз мойнына алды. Мен тамақ дайындаймын, ол жинайды. Ол да дайындайды кейде», – дейді Анжелика.


Отбасының тағы бір маңызды мүшесі - ерлі-зайыптылардың сүйікті мысығы Сюзи.

«Сюзи - бұл, әрине, біздің өміріміздің мәні. Ол өте ерке болғанмен, барлық жағдайды сезеді», – деп күлді Анжелика.

Отбасында мысықтың пайда болу тарихы да ерекше.

«2015 жылы мен оны халықаралық көрмеден сатып алдым. Өйткені, оған дейін бізде 13 жыл Парсы мысығы өмір сүрді. Мен оған үйреніп қалған болатынмын. Енді ұрғашысын тапқым келді. Бірақ торда үш еркек мысық отырды. Мысықтардың иесі: «Менде машинада ұрғашысы бар, бірақ ол әлі кішкентай болғандықтан көрмеге қойылмады», – деді. Мысықты алып келді.

Ол менің алақаныма жайғасты. Экзоттың салмағы 350 грамм болды. Мұндай жетілмеген мысықтарды анасынан айырып, машинада ыстық жерде ұстауға болмайды. Содан кейін мен оны иесіне қайтарған жоқпын.


«Біз бірінші рет оны ауруханаға апарғанда оның жүре алмайтындығын айтты. Мен оны бұрынғыдан бетер жақсы көріп кеттім. Шприцтермен, арнайы жеммен тамақтандырдық, антибиотиктер қолдандық.

Анжелика Сергееваның алдыңда көп мақсаттар мен жоспарлар бар. Біз онымен екінші кәсіби категорияны қорғау қарсаңында сөйлескенбіз. Ол ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасын психологиялық оңалту әдістемесін да ойластырады. Оған сәттілік тілейміз!


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz