Тарих пен дәстүрді сақтаймыз

Наурыз мейрамы қарсаңында астаналық әжелер «Шаңырақ» ансамблi Сарыарқа ауданы әкімдігінде  аудан тұрғындарының алдында өнер көрсетті. Мерекенің қалай өткені жайлы Астана әкімдігі ресми сайты тілшісінің мақаласынан оқыңыз.

01

Дәстүрлі мереке Көрісу айтынан басталды. Бұл мерекені, әсіресе еліміздің батыс аймақтарында кеңінен тойланады. Дәстүр бойынша бұл күні адамдар бір-бірінің үйіне барып, көктемнің басталуымен құттықтайды. Бірінші кезекте егде жасқа келген туыстардың үйлеріне барып, құрмет көрсетеді. Көрісу күнінде адамдар ерекше сезіммен қол алысады.

Көктемгі концертті жас өнерпаздар ашты. Олар қазақтың дәстүрлі биін орындады. Қазақ би фольклоры жақсы сақталған, өзіндік дәстүрі мен ұлттық ерекшеліктер сезіледі.

Әжелер «Шаңырақ» ансамблiндегі 14 солист тек қана ән айтып қоймай, көрерменді казақ халқының салт-дәстүрімен таныстырады.

Ұжымның ең үлкен солисті қазір 82 жаста. Олардың барлығы позитивке және энергияға толы, өз тәжірибелерімен, дәстүр, мәдениет жайлы білімімен, қазақ әндерімен қуана бөліседі. Бүгінгі қойылымдарында әжелер қолдан жіп иіретін ескі ұршықты көрсетті.

«Біздің ансамбль 2009 жылы құрылды. Біз дәстүрлі қазақ ұлттық музыкасының сақталуына үлес қосамыз, ұлттық әндердің ұмытылмауын қалаймыз. Салт-дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріледі, әр үйде оны ерекше құрметтейді ғой. Нәресте дүниеге келгенде отбасында бесік жыры айтылып, көне ырымдар жасалады. Әр ана өз баласына ұйқысы тыныш болуы үшін бесік жырын ерекше жылулықмен, махаббатпен орындайды»,– дейді ұжым жетекшісі Күләш Қосбармақова.

Әңгімелесушіміз айтқандай, бала бір жасқа толғанда  болашақта оның жолы ашық болсын, ешқандай кедергілер жолықпасын деген ниетпен тұсаукесер ғұрпын жасайды.

Жуық арада күллі Қазақстан көктемнің ең басты мерекесі – Наурыз мейрамын тойлайды. Бүгін керемет ұжымның арқасында біз мерекенің жақындап келе жатқанын сездік. Ұрпақтар сабақтастығы арқылы өткенді болашақпен байланыстыратын мәдени мұра сақталады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz