Наурыз бізге қалай оралды

Отыз жыл бұрын қаламызда, ол кездегі Целиноградта, 60 жылдан аса үзілістен кейін қайтадан алғаш рет Наурыз тойланды. Ежелгі мейрамның қалай қайта жанданғаны туралы Астана әкімдігі ресми сайты тілшісінің материалынан оқыңыз.

1926 жылдан бастап Қазақстанда Наурыз мерекесіне «өткеннің қалдықтары» деген сылтаумен тыйым салынған. Ресми тұжырымдамасы сақталмағанымен, кеңестік билік Наурызды діни, мұсылман мерекесі деп санады. Алайда олай емес екендігін біз сіздермен жақсы білеміз. Наурыздың тарихы 5 мың жыл шамасында, ол қазіргі заманғы діңдерден бұрын пайда болды, сондықтан да мәңгілікке ұмыт бола алмады.


1988 жылы Наурыздың құрметіне арналған мереке жұртшылықтың бастамасымен Алматы мен Алматы облыстарында тойланды. Ал келесі жылы мереке Қазақстанның барлық облыстарында, сондай-ақ Целиноград облысында да атап өтілді.

Ресми баспасөз (ол кезде басқасы болмады) Наурызды «көктем мен еңбектің халықтық мерекесі» деп атрибуттады. Үзілістен кейін Наурызды бірінші рет Целиноградта және оның аудандарында 1989 жылдың 19 наурызында тойлады.

Совет кезеңінің соңында Наурыз мерекесін тойлауға ресми түрде рұқсат берілуі ерекше оқиғалардың біріне айналды. 1985 жылы КПСС Орталық комитеті Бас хатшылығына Михаил Горбачев сайланғаннан кейін «қайта құру» саясаты жарияланып, қоғамдық бастамаларға айтарлықтай еркіндік берілуі Наурыз мерекесін де жандандыруға түрткі болды. Егжей-тегжейін қайдан іздеуге болады? Әрине, жергілікті газеттерден. Ол жылдары облыстың басты газеті «Целиноградская правда» болды. 


Наурызды алғаш рет тойлау туралы репортаж тұтастай төртінші бетті алады (форматы А2!).

Сағат 9:00-ден бастап басты көшемен мерекелік шеру өтті. Онда Ұлтымыздың ұлттық құндылықтары мен ел жадындағы кейіпкерлер көрсетілді. Батырлар қол бастап, көштің сәнін келтірген ән-би көрсетілді. Сейфуллин көшесіне алтыбақан мен сахна орнатылды. Онда тұсаукесер дәстүрі көрсетілді. Ұмыт бола бастаған ұлттық мерекенің қайта жаңғыруы туралы аңыздар айтылды. Әз наурыз мерекесінің сәні мен мәні айтылды. Жалпы халықтық мерекені тойлау басталды.


1989 жылдан бастап «Наурыз» Қазақстанның барлық облыстарында жаппай тойлана бастады.


На улице Сейфуллина поставили качели «алтыбакан» и сцену, где выступали самодеятельные коллективы. Здесь же провели обряд «тусау кесер» (разрезание пут) малышу по имени Еркен Бокин. «Этого малыша можно назвать первооткрывателем, первопроходцем. А привычный бытовой обряд поднялся до значения символа: собравшиеся увидели в нем знак возрождения Наурыза», – пишет Б. Ильясова. Надо отдать должное организаторам празднования – они проявили фантазию:

«16:00. Апогей праздника. Над городом пролетает самолет, несущий изображение змеи – символа наступившего года», – сообщает «ЦП». Таким образом отдали дань тому факту, что Наурыз – Новый год по восточному календарю. К сожалению, фото этого зрелища в газете нет.


-

А 15 марта 1991 года вышел Указ Президента Казахской ССР «О народном празднике весны Наурыз мейрамы»: «День весеннего равноденствия – 22 марта объявить днем народного праздника весны – Наурыз мейрамы». Выходного дня по этому поводу еще не полагалось (он был объявлен в 1992-м). В том же указе постановлялось «рекомендовать местным Советам народных депутатов с учетом климатических условий самостоятельно определить дни проведения народного праздника весны Наурыз мейрамы».


Елбасы – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шыққан соң, Наурыз мерекесі Ұлттық, жаппай халықтық мерекеге айналды.

-

-

-

-

-

-

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz