Жұқа мұз

Өзендердегі мұздың қалыңдығы он сантиметрден артық болса, адам өміріне қауіп төндірмейді. Ол аталған көрсеткіштен кем болса, адамдар мұздың астына түсіп кетуі мүмкін. Қала әкімдігі сайтының тілшісі қайғылы оқиғаның қалай алдын алуға болатындығын біліп қайтты.

Көктемгі қар мен мұздың еруі кезінде адамдардың абай және сақ болғаны өте манызды. Осы орайда ТЖД-нің қызметкерлері балықшыларға, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. 

Ондай іс-шара қалалық 84-ші орта мектепте өткізілді.

Көктемгі мезгілде суға бату оқиғаларын азайту үшін өзен аумағында қызыл және сары түсті 30 арнай белгі қойылған. Осы жылы тағы 70 арнайы белгіні қою жоспарда бар. Таблоларда мұздың қалыңдығы, қайғылы оқиғалардың саны және оқыс оқиға болған кезде қайда хабарласу керектігі туралы ақпарат көрсетілген. Бірақ адамдардың осы таблоларды өздері сындыратындығы өкінішті-ақ. Ол адамның өмірін аман алып қалуға көмектеседі ғой», – дейді ТЖД-нің төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы Елдар Райымбеков.

Мұздың үстінде жүргенде мұзы қалың емес және толық қатпаған жерлерге, жарығы бар мұзға шығуға және мұзға көлікпен шығуға болмайды. Түнде мұзға шығуға қатаң түрде тыйым салынған.

«Көбінесе мұздағы сақтық шараларын балықшылар сақтамайды. Бірінші кезекте олар құтқару жилетін киюі тиіс», – деп жалғастырды ол.


Көктемгі су өте қауіпті: егер адам суға түсіп кетсе, оның дене температурасы бес минут ішінде бірден мұздап қалады. Ал регламент бойынша құтқарушылар оқиға орнына тоғыз минутта барады. Бірінші кезекте сол жерде зардап шегушіге медициналық көмек көрсетіледі. Егер адам есін білмей жатса, оған сол жерде жедел жәрдем келгенше толық көмек көрсетіледі.

Жақында Есіл өзеніне қар арбасы батып кетті. Абырой болғанда, жүргізуші судан шығып үлгерген. «Егер мұздың қауіпсіз қалыңдығын айтатын болсақ, ол 10-25 сантиметрді құрауы тиіс. 25-ші наурыздан бастап мұз үстіне шығуға тыйым салынған. Жолды қысқартып, мұз үстімен жүріп өтемін деп өміріңізді қатерге байлайсыз. Сол себепті біз азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтап, мұзға шықпауға, қазіргі кезде мұз үстінде балық аулауға, ойнауға болмайтынын ескертеміз», – деді Елдар Райымбеков.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz