Көктем! Сен көріктісің!

Көктемгі астананың келбеті? Қала әкімдігі сайтының тілшісі еліміздің бас қаласының саябақтары мен гүл бақтарын аралап, шуақты көктемде қаланың қалай құлпырып жатқанын өз көзімен көрді.


Биыл астанаға көктем кинодағыдай кеш емес, өз мерзімінде келді. Қалада тұс-тұстан құстардың шықылықтаған дауысы, күннің жылуы және Сарыарқаның сары даласына тән жылы самалын сезіледі.

Қазірдің өзінде саябақтарда көктемнің шуақты күндерінің ләззатын сезіп жүрген жандарды көруге болады. Олардың қатарында велосипед тебушілер, сәбилерін серуендеткен аналар да бар. Адамдар аспандағы бұлттарға қарап, тамсанып отыр.


Ал егер сіз Есіл өзенінің жағасында серуендеп жүріп, аздап тонсаңыз, осы жерде орналасқан мынадай автоматты құрылғыдан кофе, ыстық шоколад, дәмді шай іше аласыз. Оның жұмысын баланың өзі оңай түсінеді.


Қала көшелерінде жасанды шөптен жасалған мүсіндер де демалыс орнының сәнін кетіруде. Олардың арасында қос аққу, қазақ ертегілерінің және мультфильмдер кейіпкерлері бар. Серуендеушілер олардың қасында суретке түсіп жатыр .


Велосипед пен самокат теуіп мәз болған балалардың сыңғыр күлкісі де естілмейді емес. Жағажайдағы жаңаланған жабын балаларға велосипедпен, самокатпен еш кедергісіз желмен жарысуға мүмкіндік береді.  


Кей жерлерде көк шөптің де басы қылтиған.

Қала көшелерін аралап жүріп, Харуки Муракамидің «Көктем жаңа – бастамалардың басы» деген сөзі еріксіз ойға орала береді.

Расында да, күн шуағына шомыла отырып, алдағы жақсы күндердің қуанышын көруге шын ниет тілегіңді білдіресің. Қазақ халқы – көктем жақсылықтың бастауы деп тегін айтпағанына тағы бір көз жеткіземіз.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz