Достық үйінде әйелдер үшін дәстүрлі қолөнерден тегін шеберлік сабағы өтуде

«Аналар Аманаты» жобасы әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау және көпбалалы аналарға қолдау көрсету, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.


Достық үйінде «Аналар аманаты» атты көрме ашылды. Белгілі этно-дизайнер, «Алтын Орда» авторлық дизайн үйінің негізін салушы Ырза Тұрсынзада коллекциясын ұсынады. Экспозицияда Қазақстанның барлық облыстарынан шыққан халық шеберлерінің өнері: көркем киіз тақталар, кілемдер, кесте, сондай-ақ антикварлық айналым дөңгелектері, тігін машиналары, декорациялар және тағы басқалар бар.


«Осы сұлулықты мен шамамен төртінші сынып кезінде ежелгі кестелерге үйір болғаннан бастап жинадым», - дейді этно-дизайнер. Наурыздың 28-нен 30-на дейін көрме аясында көпбалалы аналарға, аз қамтамасыз етілген, жұмыссыз әйелдерге дәстүрлі қолөнер бойынша тегін шеберлік сабақтары өтеді. Сабақты «Адамдардың елеулі жетістіктері» қоғамдық қоры жобасының бастамашысы Ырза Тұрсынзада жүргізеді.


Көрменің ашылуына қала әкімі Бақыт Сұлтанов, Парламент депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, қоғамдық қайраткерлер, ғылым және өнер интеллигенция өкілдері, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының белсенділері қатысты.


«Бұл біз үшін маңызды шара. Барлығын Достық үйі байланыстырып тұр, осы жерде  ата-бабаларымыздың өнер туындыларын қалай жасағанын, балаларына қалай үйреткенін көрсетуге мүмкіндік ашылады. Әсіресе жобаның көпбалалы аналарға, аз қамтамасыз етілген отбасыларға бағытталғаны маңызды. Осындай өнерді үйренуге мүмкіндік беретін шеберлік сабақтарының болашағы зор. Біз көрмені тамашаладық, керемет және қиын жасалатын бұйымдарды көрдік. Біздің қазақи дәстүрлі көрпеміз шетелде қымбат бағаланады. Бұл біздің көпбалалы аналарды жұмыспен қамтамасыз етуге, сонымен қатар «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында сипатталғандай қазақстандық брендті алға жылжытуға жақсы мүмкіндік», - деді Бақыт Сұлтанов.


Осы күндері Нұр-Сұлтандағы шеберлік сабақтарына 50 қыз-келіншек қатысып жатыр. Олардың бесеуіне жоба демеушілері тігін машинасын сыйлыққа тартты, сыйлықтарды табыстау үшін қала әкімі Бақыт Сұлтанов шақырылды.

«Адамдардың елеулі жетістіктері» қоғамдық қорының төрағасы Әлия Қадыралиеваның айтуынша, шеберлік-сабағына қатысқысы келетіндердің қатары өте көп болған,  ұйымдастырушылар 1500 өтініш алған. «Шеберлік-сабағына қатысу үшін Ырза Тұрсынзаданың Instagram, Facebook парақшаларына және Youtube каналына жазылу керек. Біз шеберлік-сабақтары тағыда өтеді деген ойдамыз, сондықтан хабарламаны қарап отырыңыздар», деп кеңес берді Әлия Қадыралиева. – «Біз осындай шеберлік-сабақтарын Атырау, Ақтау, Тараз, Қарағанды, Алматы және Алматы облыстарында, сондай-ақ Ыстамбұл мен Анкарада өткіздік. Шеберлік-сабақтары әрқашан тегін өтеді және кенінен айтылады, сол себепті де әр қашан қатысушылар көп. Біз демеушілер табуға тырысамыз және аз қамтылған әйелдерге тігін машиналарын сыйға тартамыз. Кәсібі бар әйел әрдайым тәуелсіз, бұл біздің жобамыздың мақсаттарының бірі».


«Достық үйінде «Кілем - бұл бейбітшілік жолы», «Қазақстан халқының ежелгі қолөнері», «Үй безендіру», «Ұлттық этникалық топтар киімдері» тақырыптық көрме аймақтарын, сондай-ақ қазақ халық қолөнерінің басқа экспозицияларын құру жоспарланып отыр.

Қазақстан халқының мәдени дәстүрлері мен қолөнерін жандандыру Қазақстанның этникалық топтарының ежелгі шеберліктерін сақтауға арналған мұражай қорын, сондай-ақ жұмыссыз әйелдерді оқыту және жұмыс орындарын құру негізінде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz