Нұр-Сұлтанда жедел медициналық жәрдем музейі ашылды

Музейде келушілер назарына жедел жәрдем қызметінің 90 жылдық тарихынан сыр шертетін құралдар мен түпнұсқа құжаттар, сондай-ақ тарихи суреттер қойылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

-

«Музей 1930 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі атқарылған қызметтерді  қорытындылау, медицина саласының қаншалықты дамығандығын көрсету мақсатында ашылып отыр. Экспозицияға негізінен біздің қызметіміздің қалыптасу тарихынан сыр шертетін түпнұсқа құжаттар, құралдар мен тарихи фотосуреттер қойылған. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық құрал-жабдықтар, біздің қызметкерлеріміздің әр түрлі жылдардағы формасы ұсынылды», – дейді ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы Еділ Шалов.


Мұнда барлығы 50-ден астам экспонат қойылған. Олардың бір бөлігі осы уақытқа дейін қалалық қосалқы станцияларда сақталған болатын. Бір бөлігін өңірлерден әріптестер ұсынды.

«Оларды кез келген адам көре алады, яғни бұл тек біздің қызметіміз бен әріптестеріміз үшін ғана емес. Бұл мектеп оқушылары, біздің қызметтің ардагерлері және қала тұрғындарына да арналған. Коллекция толықтырылады. Біздің қызметіміздің тарихымен байланысты қызықты және құнды заттарды кез келген адам өз қалауымен бізге тапсыра алады», – деп түйіндеді ол.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz