Қоқысты сұрыпта, көмектес!

Қатты қалдықтарды қайта өңдеудің үлесі өсуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.


Мұнымен қоса, қалалық билік қоқыс сұрыптаудың маңыздылығына белсенді түрде араласты: мектептерде және қала көшелерінде қатты қалдықтарды бөлек жинауды насихаттайтын әртүрлі іс-шаралар мен семинарлар ұйымдастырды.


Мұнымен қоса, қалалық билік қоқыс сұрыптаудың маңыздылығына белсенді түрде араласты: мектептерде және қала көшелерінде қатты қалдықтарды бөлек жинауды насихаттайтын әртүрлі іс-шаралар мен семинарлар ұйымдастырды.


Баяу болса да, бірақ адамдардың санасы өзгеруде.


Десек те, тұрғындардың көпшілігі әлі де қоқысты сұрыптамай жәшіктерге тастайды. Қала әкімдігі ресми сайтының тілшілері қарапайым эксперимент жүргізді: біз тұрғын үй алаптарындағы үйлердің бірінде тұрғындардың қоқысты қалай шығаратынын бақыладық. Көптеген адамдар жиналған қатты тұрмыстық қалдықтарды (тамақ қалдықтары, пластиктер, шыны бөтелкелер, қағаз және т.б.) бір пакетке салады.


«Бұрын кәмпит қаптары, бос пластикалық бөтелкелер, шырынның қорабын, тағы басқа заттардың бәрін ас үйде тамақ қалдықтарымен бірге тастайтынбыз. Кейін өңделетін қалдықтарды бөлек жинаймыз деп шештік. Бастапқыда бұл қиындық тудырды. Әсіресе, балаларға қатты қиын болды. Бірақ олар оған үйренді. Қазір қоқысты сұрыптап, оларды сары және қара контейнерлерге лақтырамыз», – дейді қала тұрғыны Мәдина. Әсел үйінде қоқысқа арналған екі жәшік қойыпты. «Бұл – біздің табиғаттың сақталуына қосқан үлесіміз. Полигонда қоқыс неғұрлым аз жиналса, соғұрлым жақсы болады», - дейді ол. Қаланың тағы бір тұрғыны Мейірімнің айтуынша, ол қоқысты түсі әртүрлі контейнерлерді көрген тұста сұрыптауды бастаған. «Өйткені бұл оңай және қайта өңдеуді жеңілдетеді. Мен түрлі контейнерлерді көрмегенге дейін қоқысты сұрыптау керек екен деп ойланған емеспін», – деп мойындады ол.


Алайда, біз жүргізген сауалнама аясында сұралған адамдардың көпшілігі қоқыс жинау туралы естіген, тіпті бұл процестің маңыздылығы туралы айтса да, оны өздерінен бастау туралы ойланбаған. Кейбірі мұның мәні жоқ дейді. «Қоқысты бөліп жинау? Не үшін? Үйде қатты қоқысты және тамақ қалдығын бөлек жинап, бірін сары енді бірін қара контейнерге салсам да, қоқысты әкетуге бір машина келіп, бәрін тиеп алып кетеді», - дейді Анна. Алайда, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қалалық экологиялық менеджмент жобаларының ұзақ мерзімді жоспарлау бөлімінің бас маманы Айнұр Солтанғұлова бұл пікірді жоққа шығарды.


Оның айтуынша, қаладан күн сайын 1000-1200 тонна қалдық шығарылады. Өткен жылы полигонға 274 мың тонна қатты қалдық шығарылды, ал 2017 жылы - 247 мың тонна. Қалдықтарды кәдеге жарату үшін арнайы техниканың 73 бірлігі жұмылдырылады: 48 КамАЗ қоқыс тасушы машиналары ылғалды фракция немесе тамақ қалдықтарын жинау үшін жасыл және металл контейнерлерге қызмет көрсетеді.


25 Iveco қоқыс тасығыштары тек құрғақ фракцияны жинауға арналған сары контейнерлерге қызмет етеді: пластик, қағаз, шыны, металл.


Оның айтуынша, қала аумағынан шығарылған барлық қалдықтар, «КазРисайклСервис» ЖШС қалдықтарды қайта өңдеу кешеніне тасымалданады. Мұнда олар сұрыпталады, өңделеді және брикеттеледі. Зауытта екі пластикалық өңдеу желісі бар. Мұнда қалдықтардан көбіне  полимер түйіршіктері жасалады.

Сондай-ақ, қағазды қайта өңдеу желісі бар. Онда жылу оқшаулайтын мақта шығарылады (ecowool). Пластмасстың пайдалануға келмейтін түрін өңдеуге мүмкіндік беретін пиролиз цехы іске қосылды. Сонымен қатар, «Оператор РОП» компаниясының ресми өкілі Жомарт Рахымжан қалдықтарды өңдейтін кешеннің бүгінгі таңда толық өндірістік қуаттылықта жұмыс істейтіндігін айтты. Кешен жылына 300 мың тоннаға дейінгі қалдықты өңдеуге қауқарлы. Ол күн сайын 40-тан астам қоқыс шығаратын компаниядан 800 тонна қатты тұрмыстық қалдықтарды алады. Өткен жылы қайталама шикізатты (картон, пластик, шыны) қайта өңдеу көлемі 12% -дан асты. Бұл индикатор қоқысты бөлек жинауды енгізуге байланысты бірте-бірте артып келеді.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz