Из популярного ТРЦ было эвакуировано около 2 тысяч людей

По поручению акима города Асета Исекешева, противопожарные учения будут проводиться во всех торговых домах и местах массового скопления людей. В течение двух месяцев будут проверены 117 столичных объектов.

Қала әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасы бойынша өртке қарсы оқу-жаттығу жұмыстары барлық сауда үйлері мен халық көп жиылатын орындардың бәрінде өткізілетін болады. Екі айдың ішінде 117 астаналық нысан тексеруден өтеді.

Өртенген аймақтың алаңы 140 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге бар-жоғы 8 минут кетті. «ОСО-да 10 шығатын жол бар, олардың жобасы бойынша өрт дабылы іске қосылған кезде барлық есіктер автоматты түрде ашылады. ОСО қызметкерлері жедел жұмыс жасай білді», деді Б. Дұзақбаев.

Жаттығу барысында «күйік пен улану» алған жас жігіт табылды. Оны қауіпті аймақтан шығарып, алғашқы көмек көрсетіліп, жедел жәрдем келіп алып кетті.

Өрт сөндірушілер ТЖ орнына 7 минутта келіп жетті. Қою түтіннен көз ашқысыз, өрт келесі ғимаратқа тарап жатыр. Жедел жауынгерлік дайындық күштері өрттен қорғау құралдары мен өрт сөндіргіштерін шығарып іске қосты және зардап шеккендерді іздестірді.

«Оқу-жаттығудың негізгі кілті – ғимаратта жұмыс істейтін персоналдың өз функциясын орындауында жатыр, өрт бөлімшесінің қызметкерлері келіп жеткенше қызметкерлердің өздері эвакуацияны жүзеге асыра береді», деді Астана ТЖД басшысы Барат Дұзақбаев.

Өрт дабылы жүйесі іске қосылды. Қызмет көрсетуші тұлға бірден өртке қарсы қызметке хабар берді. Осы сергелдең барысында электроэнергияны да сөндіріп үлгерді және сол мезетте күзет пен ОСО қызметкерлерін ғимараттан шығара бастады.

Оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес, кинозалдағы электр желісінің қысқа тұйықталуынан өрт шығып, жиһаз жана бастайды. Өрттің келесі бөлмеге тарау қаупі туындады. Ойын-сауық орталығын қою түтін қаптады.

Бүгін Астана ТЖД «Хан Шатыр» ОСО-да өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Демалыс күндері сауда орталығына 14 мыңға дейін адам келеді. Оқу-жаттығуға жеке құрамның 11 техникасы мен 54 адамы жұмылдырылды.

«Хан шатыр» ОСО-нан 2 мыңға жуық адам көшірілді «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы болып өтті. Келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялауға 8 минуттай уақыт кетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz