Секрет крепкой семьи: прислушиваться друг к другу и идти на компромиссы

Жыл сайын Қазақстанда дәстүрлі түрде «Мерейлі отбасы» байқауы өткізіледі. Онда ерлі-зайыптылар берік әрі үйлесімді отбасының құпияларымен бөліседі.


Қалалық әкімдіктің ресми сайтының тілшілері өткен жылы байқауға қатысып, жүлделі үшінші орынға ие болған Үдербаевтар шаңырағында қонақта болды.


Манарбек Үдербаев пен Динара Әбілхаирова осыдан 17 жыл бұрын қонақта танысып, содан бері ешқашан жұптары ажыраған емес. Бүгін олар – үш баланың ата-анасы.

Манарбек Қазақстанның ІІМ-де 20 жылдан астам еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты, ал қазір шағын бизнеспен айналысады. Динара үй шаруасында, сондай-ақ Ақжібек, Айдын есімді қыздары мен Арыстанбек есімді ұлды тәрбиелеп отыр.


Тату отбасының барлық мүшелері бос уақытын белсенді және пайдалы өткізуді жөн көреді. Ақжібек бимен айналысады, сонымен қатар тоғызқұмалақ ойынын ұнатады. Ол жарыстарға қатысып, көптеген жүлделер мен кубоктарды еншіледі. Он екі жасар жасөспірім – ұлттық ойын түрінен спорт шеберіне үміткер. Үлкен ұлы Арыстанбек те аталмыш ойынмен әуестенеді. Қарындасы сияқты ол да түрлі республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.


Ал 5 жасар сәнгер Айдинаның жаны қуыршақпен ойнауға құмар. Жасына қарамастан ол менталдық арифметика мектебіне барып, үлкен нәтижелерге қол жеткізуде. Бүлдіршін арнайы әдістеме бойынша күрделі мысалдарды оңай шеше алады.

Динараның айтуынша, бүкіл отбасы өз уақытын белсенді өткізгісі келеді. «Барлық мерекелерді табиғатта қарсы алуға тырысамыз. Үйде отыруды ұнатпаймыз. Бізге велосипед тебу, қалада серуендеу, жақындарымызбен уақыт өткізу ұнайды. Менің күйеуім гитарада ән айтуды, домбырада ойнауды ұнатады. Мен де өнерден құр алақан емеспін»,- дейді Динара Әбілхаирова.


Отбасы басшысы Манарбек Үдербаев берік некенің құпиясымен бөлісті.

«Мықты отбасылық түйіндер мен өзара түсіністікті сақтау үшін отбасындағы оңтайлы көңіл-күйді қолдау қажет. Бір-бірімізді тыңдауға, қолдауға тырысамыз. Ал балаларды тәрбиелеуде ешқандай құпия жоқ. Ең бастысы, балалардың жетістіктерін мақтан ету керек. Біздің балалар таңдау жасауға және өз шешімдерін қабылдауға үйренгенін қалаймыз.  Ал біз оларды үнемі қолдап, қандай да бір жағдайда қандай таңдау қажеттігін айтамыз», - дейді Манарбек Үдербаев.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz