Дом мечты

Бүгінде үлескерлік қатысу – ең сұранысқа сай тұрғын үй құрылысы механизмдерінің бірі. Алайда, соңғы кездері көптеген үлескерлер алаяқ мердігерлердің «құрығына» жиі түсіп қалып жүр. Осындай тығырықтан шығудың жолы қандай және пәтерді ұзақ күтудің әуселесі туралы «Венский квартал» үйінің тұрғындары айтып берді.

Бұл үлескерлердің ВАК айтқан кеңесті тыңдап, жауапкершілікті өздеріне алып, үйді өздері салып алған ең бірінші оқиға. Тұрғындар да ведомствоаралық комиссияның – шын мәнінде проблеманы шешетін әрі мәселені көтеретін жалғыз орын екендігін айтуда. Себебі, апта сайын болып жататын ВАК отырысында инвестор-үлескерлерден құралған топтардың аяқсыз қалған проблемалы нысандардың ахуалы туралы ақпараты тыңдалып жатады.

Тұрғындардың айтуынша, бақыт бар, тек оған қол жеткізгенше көп нәрсені бастарынан кешірген. «Біз осында жақында ғана көшіп келдік, қоныс тойымызды тойлап жатырмыз, ведомствоаралық комиссия мен біздің төрайымның өте сауатты жұмыс істеуінің арқасында өзіміздің армандағы үйімізге қол жеткізіп, оны жүзеге асыра алдық», – дейді тұрғын Айтпай Қайсаров.

Бүгінде «Венский квартал» астанадағы ең келешегі бар және лайықты үйлердің бірі. Тұрғын үй кешенінің тоғызы алты қабатты үйден тұрады. Құрылыста төртеуі кезек күтуде, ал екеуі пайдалануға берілді. 1400-дің ішінен 250 отбасы өз пәтерлерііне қоныстанып үлгерді, ал жобаны толықтай пайдалануға беруді келесі жылға жоспарлап отыр.

Әрі қарай ТҚК белсенділері ведомствоаралық комиссияның рекомендациясы бойынша барлық әрекетін келісіп отырып жасаған. «Осылайша ВАК-тың барлық командасының арқасында жобаны сәтті аяқтадық», – дейді Ольга Лигай.

Оның айтуынша, дәл сол кезден бастап ВАК-тың қолдауымен бос жер учаскесінде нысанның құрылысы басталған. «Сол сәттен бастап біз мердігер ретінде құрылыс компанияларын тартпай-ақ толықтай құрылыстың тапсырыс берушісіне айналдық. Бізге жерді берген кезде не істейміз деп ұзақ ойландық. Ақыр соңында жаңа мердігерден бас тартып, барлық оқиғаны өзіміздің бақылауымызға алдық. Сол кезде біз құрылысты бастау үшін жаңа үлескерлерді тартып, мыңдаған сатып алушылар таптық», – дейді ТҚК төрайымы.

«Астана прокуратурасы сотқа арыз берді. 2016 жылы ақпанда соттың шешімімен құрылысты аяқтау үшін нысанды бүкіл құжатымен біздің ТҚК-не өткізді», – дейді ТҚК төрайымы Ольга Лигай.

2015 жылы маусымда қала әкімдігінің рекомендациясы бойынша алданып қалған ExpoTown үлескерлерінен құралған «Экспо Таун Успех» (ТҚК) тұрғын үй-құрылыс кооперативі құрылды.

Аталмыш тұрғын үй кешенінің тұрғындары үшін дағдарыс 2013 жылы орнаған. Ол кезде «Венский квартал» ExpoTownТК деп аталып, астаналық Азбука жилья» компаниясының проблемалы нысаны деп танылды әрі үлескерлер алдында өзінің міндетін атқармай банкротқа ұшыраған еді.

Астана әкімдігі ресми сайтының тілшілері аталмыш үйде қонақта болып қайтты. Қазір олар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселесі бойынша ведомствоаралық комиссиясы жұмысының арқасында «армандаған үйлеріне» қол жеткізген бақытты адамдар.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz