Зажечь звезду

За свою деятельность кинокомпания выпустила немало актеров, которые сегодня снимаются в «большом» кино, – Рамазан Амантай, Ислам Метаев, Аида Кубеева и другие.

Киностудия детского фильма «Кинокио» осуществляет свою деятельность с 2000 года. За это время компанией было создано более 200 короткометражных фильмов на различные темы.

Ал, «KINO KIO» балалар киностудиясының болашаққа жоспары ұшан-теңіз. Сол орасан жоспардың ішіндегі бірінші меже – жасөспірімдердің терроризмге қарсы түсінігін қалыптастыру мақсатында қысқаметражды фильм түсіру. Осындай балаларға арналған өнер мектептері балғындардың өмір жолында қараңғы түнде сәулесін шашқан аймен тең.

Бір топ оқушы мектептің шағын сыныбында кино өнерінің қыр-сырын бар ынта-жігерімен үйреніп, көңіліне тоқып жатыр. Кім біледі, болашақ қазақ киноөнерінің жарық жұлдыздары осы топтың ішінде отырған да болар.

Болашақ актерлердің ауыр да, қажырлы еңбекті талап ететін өнер жолындағы алғашқы қадамдарын көру бізге бұйырды. Өнерге баулушы ұстаздың айтқанын екі етпей, талап еткен дауыс ырғағымен, репликасының беттегі эмоциямен сайма-сай келуін қадағалап ойнай білу, асқан шеберлікті талап етеді. Ал балалар сол еңбекке дайын екендіктерін көрсетеді.

Марат Сәрсенбаевтың айтуынша, студияда балалар ойын толық және анық жеткізуге, өзін еркін ұстауға, түрлі образдарды сомдау арқылы актерлік шеберлікке, бастысы болашақ мамандығын анықтауға мүмкіндік алады.

«Әр бала өзінше бір дара образ, әрқайсысының бойында өнер бар. Тек соны шама-шарқына қарай аша білу керек. Осы күнге дейін бірде бір кастинг өткізіп көрмедік, келем деушілерге біздің есігіміз әрқашан ашық. Бізге Астана әкімдігі де түрлі деңгейде қолдау білдіреді, оның ішінде білім басқармасын ерекше атап өткен жөн», – дейді көркемдік жетекші М. Сәрсенбаев.

Балалар актерлік шеберлік, этюд, режиссерлік сабақтармен қатар қысқаметражды фильмдерге сценарий жазуды және өз ойын қағазға көркемдеп түсіруді үйренеді.

Киностудия 2014 жылы Астанада өнер мектебін ашқан. Қазір Астана қаласындағы студияда жүзден астам бала актерлік шеберлік бойынша сабақ алуда

«Будущему артисту необходимо много читать. Без знания классических произведений невозможно стать артистом. Кроме того, актеру театра потребуются знания основ сценического боя, и, если есть желание стать востребованным и разноплановым артистом, нужно профессионально учиться танцам и вокалу», – рассказывает будущая актриса.

Қазіргі күні теледидар алдында отырған он баланың жетеуі актер, актриса, әнші немесе тележүргізуші болуды армандайтыны жасырын емес. Ол – биік арман. Бірі сол арманның жолында алғашқы қадам жасап, еңбек ете бастайды, ал бірі әдемі арманын сағым қиялға айналдырады. Ділнәз сол арманы асқақ, шешімі берік жандардың қатарында.

Біздің кейіпкеріміз тоғызыншы сынып оқушысы Ділнәз өзінің актриса болсам деген арман жолындағы алғашқы қадамдарын жасап жатыр. Ол «KINO KIO» балалар киностудиясының тәлімгері. Осы студияға келіп жүрген үш жылдың ішінде ол қысқаметражды үш фильмге түсіп үлгерген. Бұл оқушы үшін аз да емес, көпте емес, өзі үшін бір төбе жетістік.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz