Безмолвный мир

Бүгінде мемлекет мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын жақсарту үшін көптеген игілікті істерді атқаруда. Оларға қолайлы ортадан бөлек, мүгедектер өздерін қауіпсіз сезінетін әлеуметтік жұмыс орны да қарастырылған. Астана әкімдігі сайтының тілшісі «Үнсіз әлем» қоғамдық қорында болып қайтты, мұнда мүгедектерге өнер мен кәсіптің түр-түрін үйретіп қана қоймай, жұмыспен де қамтиды.

Бүгінде қалалық әкімдік қордың жұмысының дамуына көмектесуді жалғастыруда, қала бойынша қолдан жасалған түрлі өнімдерді сататын он сауда орны жұмыс істеп тұр. Былтыр ЭКСПО мамандандырылған көрмесі кезінде мүгедектердің қолымен жасалған 20 мың кәдесый өнімдері сатылыпты.

Сегодня столичный акимат продолжает помогать и развивать деятельность фонда, по всему городу действуют десять торговых точек по продаже различных изделий ручной работы. В прошлом году в период проведения специализированной выставки ЭКСПО инвалидами было продано 20 тыс. единиц сувенирной продукции.

«Мүгедектерге жұмыс жоқ деп айтып, олардан бас тарту өте қиын. Сондықтан, амалын табуға тырысамыз. Біз «Болашақ» қоғамдық қорын аштық, сол арқылы оқытылған шеберлерді жұмысқа тұрғызамыз», - дейді Жандос Кенжехан.

Қазір «Үнсіз әлем» қоғамдық қорында 50-ге жуық адам жұмыс істейді. Жобаның жетекшісі штатта он адамның ғана барын айтты.

«Мен мұнда бесаспап шебермін, бірақ негізінен бисер өрнектеумен айналысамын. Себебі, ұлыма күтім қажет, осында жұмыс істеп келе жатқаныма үш жыл болды», - дейді Жамал.

Ал Жамал Смағұлова бисерді өрнектеп тігумен айналысады. Ол баласының мүгедек болып туғанын айтты. Отбасын асырауға күнкөріс көзі жетпегендіктен, жұмыс істеуге мәжбүр болған.

«Біз мұнда қуыршақ, түйе, ұлттық бұйымдар жасаймыз. Мұнда бір бірімізден үйренетін нәрселер көп, мысалы есту қабілеті зақымдалған мүгедектер маған ымдасу арқылы сөйлесу тілін үйретті», - дейді Жанерке Мелдебекова күлімдеп. Ол кәдесый өнімдерін дайындауды үйрететін шебер.

Аталмыш мекемеде тігін цехы, кәдесый өнімдерін дайындайтын цех, полиграфия және жылыжай жұмыс істеп тұр. Әр бөлімнің өз шебері бар.

«Бізде есту қабілеті бойынша, ДЦП диагнозы мен екінші және үшінші топтағы мүгедектер оқиды әрі еңбек етеді. Олардың көбісі нақты көрсетілген шартпен жұмыс істейді. Штатта бізде небары төрт шебер бар, олар өздерінің білгенімен бөлісіп, үйретеді», - дейді қоғамдық қордың басшысы Жандос Кенжехан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz