Астанада аулалар қалай өзгеруде

Мамандардың айтуынша, абаттандырылып жатқан аулаларды таңдау бірінші кезекте тұрғындардың өтініші бойынша жасалып жатыр. «Біз мамандардың көмегімен аудан аппаратының көріктендіру бөліміне және тұрғындардан тікелей Байқоңыр ауданы әкімі аппаратына, қала әкімі аппаратына түскен барлық шағымдарға мониторинг жүргіздік. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер арқылы келген өтініштерді де ескердік», дейді Байқоңыр ауданы абаттандыру бөлімінің басшысы Рамиль Досмағанбетов. Осы жылы қаламыздағы 4 ауданда шамамен 400 аула абаттандырылмақ. Оның ішінде Алматы ауданы – 203, Сарыарқа ауданы – 100, Байқоңыр ауданы – 73, Есіл ауданы – 10 аула.

«Біз достарымызбен әр күн сайын спортпен айналысып жатырмыз. Бір жақсысы бұл тренажерлерде қалай қолдану, қай құрал қандай жаттығуға арналғаны туралы ақпараттар бар», дейді Жансая Шаипова.
«Мы стали заниматься с друзьями спортом каждое утро. Здесь даже есть пояснения, как пользоваться этими тренажерами, они новые, нам интересно», – с радостью рассказывает 11-летняя Жансая Шаипова.
Үлкендер алаңсыз, ал балалар үшін қуаныш. 11 жасар Жансая Шаипова жаңа спорт түрі көше гимнастикасымен шұғылдануда. Енді Жансаяға ауласында workout тренажерлері болғаны тіптен жақсы болды. Оған турник, брусья, швед қабырғасы және басқа да конструкциялар кіреді.
Екі баланың анасы Әсел Маликова Жұбанов, 4 мекен-жайында 2013 жылдан бері тұрады. Қазір ана екі баласына алаңсыз. Бұрын олар көрші аулаға барып ойнайтын болса, енді аналарының көз алдында, өз аулаларында ойнайды. «Ауланы абаттандырғалы ауламызда өмір қыза түсті, көршілер балаларымен аулаға шығып, бір-бірімен танысып, әңгімелесіп жатырмыз. Енді балаларым басқа аулада ойнап жүр деп алаңдамайтын болдым, көз алдымда, пәтерімнің терезесінен қарай салып отырамын», дейді Әсел.
Осы жылы құрылған «Байқоңыр» ауданындағы Жұбанов, Ташенов, Уалиханов, Кенесары Досмұхамедұлы көшелеріндегі алты аулада жұмыс аяқталып қалған. Аудандық әкімдік осы жылы 73 ауланы абаттандырамыз деп отыр.

Осы бағытта жұмыс жасап жатқан аудандардың ішінде «Алматы» ауданы алда. Жалпы осы ауданда 203 ауланы абаттандырмақ. Мысалы, Рысқұлбеков көшесіндегі бос алаңда үш апта ішінде жаңадан сквер пайда болды. Онда мердігерлік ұйымдар күшімен футбол алаңы, балалар және спорт алаңдары, workout тренажерлері, ойын-сауық аймағы, шағын сәулет нысандары орнатылды.

Астанада аулалар қалай өзгеруде Астана қаласы аудандарында аулаларды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Қазіргі күнде қалада мыңнан астам аула бар, соның 400-і жаңарып, түрленбек. Оларда балаларға арналған ойын алаңдары, жаңа спорттық тренажерлер, шағын сәулет нысандары орнатылмақ. Астана қаласы әкімдігі ресми сайтының тілшілері түрленген аулалармен танысып қайтты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz