Қазақ тілін меңгеруге бағытталған тегін курстар қарашаға дейін жалғасады

Оқытудың жалпы бағдарламасы 8 айға лайықталған. Сынақты сәтті тапсырғаннан кейін оқудан өткендігі туралы сертификат беріледі. Ары қарай оқығысы келгендер келесі курста жалғастырады. Қазақ тілін үйренгісі келетіндер мына телефон бойынша хабарласуына болады: 8747 526 28 55 және 8701 390 02 25.

Қыздың жұмысы мемлекеттік тілдегі корреспонденциямен байланысты. «Жұмыста маған оңай бола бастады. Әріптестерімнен бұрынғыдай ресми құжаттарды аударып беруін өтінудің қажеті жоқ, өзім түсіне бастадым. Әрине оқуымды жалғастырамын, себебі маған осы курста оқыған ұнайды», - деді И. Свиридова жымиып.

Әр топ 10-13 адамнан құралған. Оқушыларды 12 ұстаз оқытуда. «Қазір мен осы шақ пен өткен шақтан тұратын қарапайым сөйлем құрай аламын», - дейді Ирина Свиридова. – Нәтижеме көңілім толады. Қазір жасым 33-те, кейбіреулер бұл жасты тіл үйренуде кеш деп санауы мүмкін. Менің тәжірибемде керісінше».

Негізінен курсқа мұғалімдер мен медицина қызметкерлері келеді. «Олар адамдармен бірге өзара жұмыс жасайды, сол үшін мемлекеттік тілді білудің үлкен маңызы бар. Сондай-ақ курста өзге ұлттың да адамдарын жиі кездестіруге болады. Оларға біздің грамматиканы түсіндіру қиын, бірақ біздің жұмыста бастысы шыдамдылық», - дейді оқытушы Мағжан Тоғжанов.

Ол бізге қазақ тілін оқыту ҚР тілді функциялау және дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқанын айта кетті. «Өткен жылы осы бағдарлама бойынша біз 1400 адамды оқыттық, осы жылы тағы да осыншама адамды қамтуды жоспарлап отырмыз», - деді А. Сұмғатова.

«Мұнда барлығы 6 деңгей. А1 және А2 – базалық деңгей, Б1 және Б2 – орташа, С1 және С2 – алдыңғылар. Деңгей тест арқылы анықталады. Сосын қалауына қарай арнайы топқа жазылу басталады. Сәуірден шілдеге дейін бізде 51 топ оқып кетті», - деді Ұлттық тіл орталығының директоры Айжан Сұмғатова.

Қазақ тілін меңгеруге бағытталған тегін курстар қарашаға дейін жалғасады Мемлекеттік тілді кез келген адам оқып үйренуіне болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Оқудың бірінші кезеңі сәуірде басталған болатын. Қазіргі таңда оқудан 750 адам өтті. Оқушылар деңгейіне қарай топқа бөлінген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz