Қоғамдық көлікті тізгіндеген Светлана

ің кейіпкер өзін басқа мамандықтың иесі ретінде мүлде елестете алмайды. Қоғамға пайдалы болғысы келеді Светлананың. Ол бір айлық демалысынан оралып, автобустың руліне қайта отырғанда, жүрегінің толқып, елең ете қалатынын жасырмайды.Сүйікті көлігін басқарып, бір ай бойы тұла бойын кернеген сағынышын басса керек. Өз ісінен ол осылайша ляззат алып, өзі таңдаған даңғыл жолдан еш таймай келеді.

«Кондуктор жолаушылармен тікелей жұмыс жасайды. Ал азаматтардың мінезі бірдей еместігін, өзіңіз де білесіз. Светлана қашанда мені қолдап жүреді. Мен де оған көмек көрсетуге тырысамын. Бір-бірімізді сыйлаймыз», - дейді Людмила Власенко.

№ 80 бағдарлы автобустың кондукторы Людмила Власенко нәзік жандардың қоғамдық көлікті басқарғанына еш таңданбайды. Оның Светлана Ярушевскаямен бірге жұмыс істегеніне бір жылдың көлемі болған. Ондаған еңбек жылын артта қалдырған кондуктор, ер азаматтарға қарағанда әйел жүргізушінің зерделі болатынын айтты. «Светланамен бір көлікте жүргенімізге бір жылдың жүзі болып қалды. Ол басқарған алып көлік бірсарынды қозғалады. Кестеден ауытқыған кезде, кейбір жүргізушілердің көліктері желдей жүйткиді емес пе?! Светлана олай жүргізбейді, тұтқаларды ұстамай-ақ артық ақшаға қайтарым жасай аламын», - деді Светлананың серіктесі.

Светлана Ярушевская жалғыз қызды тәрбиелеп, қияға қондырыпты. Бүгін ол әже атанып та үлгерген. Демалыс күні сүйікті қызы мен күйеу баласының үйіне қонаққа барып, немересімен көрісуге асығады. «Менің де қызым қоғамдық көліктің жүргізушісі болуды қалады. Мен бұған қарсымын, себебі алғаш еңбек жолын бастағанда қаладағы көліктердің саны бүгінгідей көп емес еді. «Сақтықта қорлық жоқ». Қала өсті, кеңейе түсті. Астанамыздың көшелері мен көрікті жерлерін автобусты басқарудың арқасында танып білдім», - дейді жүргізуші.

Автобус жүргізушісі Светлана Ярушевскаяның жұмыс күні сағат таңғы 6-да басталып, кешкі 9-да аяқталады. Ол басқарған №80 бағдарлы автобус «Онкологиялық орталықтан» «Күйгенжар» тұрғын үй алабына дейінгі жолды күніне бірнеше рет айналып, үш мыңнан астам шақырымды жүріп өтеді. Жұмыс сергектік пен зейінді талап ететіндіктен, бикештің таңы қою кофеден басталады. «Мен таңғы сағат 5-те оянып, өзіме қою кофені дайындаймын. Ол маған сергек жүруге көмектеседі. Автопаркке келіп, тиісті тексерістерден өткен соң, сүйікті жұмысыма кірісемін. Бір автобусты екі жүргізуші жүргізеді. Алма-кезек жұмыс істейміз. Бос уақытымды толықтай демалысқа арнаймын», - деп бөлісті Светлана.

Бойжеткеннің жүргізушілік курстарға жасырын баруы бекер емес. Анасы баласын уайымдамай тұрмайды ғой. Светлана үлкен жауапкершілік пен асқан шеберлікті талап ететін жұмысты әйел затының да істей алатынын анасына міне 30 жылдай дәлелдеп келеді. Алайда, жұмыстағы жағдайлардың барлығын айта бермейді оған. «Менің жұмысым оңай емес қой. Әсіресе, қыс мезгіліндегі қолайсыз ауа райы, жолдарды басқан мұз бен қар қозғалысқа көп кедергі келтіреді. Бір күнде жүздеген жолаушылардың қауіпсіздігіне жауап беремін. Адамдардың мінезі әртүрлі. Бәрінің бабын табу керек. Жол қозғалысының қатысушылары да аз емес. Сол себепті анама, туысқандарыма бәрін айта бермеймін. Көңілі тыныш болғанын қалаймын», - дейді автобус жүргізушісі.

Ұқыптылық, байсалдылық пен жауапкершілік. Қоғамдық көлік жүргізушісінің бойынан табылуы тиіс негізгі қасиеттер міне, осы. Ал №80 бағдарлы автобустың жүргізушісі оның үстіне өзінің әсемдігімен, көріктілігімен, ізеттілігімен тартымды. Светлана Ярушевскаяның жолаушылар автобусын басқарғанына 15 жылдай болып қалыпты. Кәсіптің бұл түрін таңдауына Целиноград көшелерінде зуылдап жүрген троллейбустар себеп болған екен. «Троллейбустар маған ұнайтын. Әсіресе, оның төбесіндегі антенналары арқылы қозғалатыны мені қатты қызықтыратын. Жүргізушілік сабақтарды мен техникумдағы оқуыммен қатар алып жүрдім. Ата-анамнан жасырын оқыдым. 21 жасымда жүргізуші куәлігін алдым. Кейін техникумдағы оқуымды тастап, троллейбусты тізгіндей бастадым. Шындығына келгенде, мен жеңіл көлікті жүргізе алмаймын, маған үлкен габарит керек», - деді жүзінен күлкі көрінген Светлана.

Әйелдің қоғамдық көлікті басқаратынын көргенде таңырқар ма едіңіз? Шынымен де, солай сияқты. Нәзік жандардың темір тұлпардың тізгінін ұстайтынына көзіміз әбден үйренгенімен, олардың алып автобусты жүргізетіні біздің қоғам үшін ерекшелік. Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтының тілшілері №80 бағдарлы автобустың жүргізушісі Светлана Ярушевскаяны әңгімеге тартып, осы мамандықтың қиындықтарын көрікті жанның қалайша еңсеретінін біліп қайтты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz