Сахна сыртындағы «Щелкунчик»

«Астана Опера» театрында өткен П. Чайковскийдің «Щелкунчик» қойылымына барған әрбір көрермен жаңажылдық кереметке тап болады. Атақты балеттің премьерасы 1892 жылдың 18 желтоқсаныңда Санкт-Петербург қаласындағы Мариин театрында өткен. Содан бері бұл қойылым көрермендердің ең сүйікті спектакльдерінің бірі болып келеді. Ал жаңа жылдық мереке қарсаңыңда әлемнің көптеген театрлары осы қойылымды қояды.

«Мен барлық қазақстандықтарды келген жаңа жылмен құттықтай отырып, бақыт, қуаныш тілеймін! Осы Жаңа жылда барлық армандарыңыз орындалсын! Біздің театрға келіңіздер, біз сіздерді күтеміз және өте оған қуаныштымыз!», - дейді Мәдина Басбаева.

Спектакльдің бірінші минутынан бастап оның ғажайыбы сезіле бастайды. «Гүлдер вальсі» және «Қар ұшқыны вальсі» бұрыннан әлемдік балет тарихына енген. Бірде спектакльден соң Еркін Рахматуллаевтан қолтаңба алу үшін сахна сыртына көрермендер келіп, «осындай қойылымнан кейін өмірге деген құштарлығың арта түседі» депті.

Оның айтуынша, балет әртісінің өмірінде ғажайып сәттер болады. Мысалы, жаңадан партия алғаны. «Өткен жылға өкпе жоқ, мен үш жаңа ролде ойнадым әрі балет әртістерінің халықаралық байқауында Мариус Петип қорының арнайы жүлдесіне ие болдым және «Корсар» балетінің бас партиясын орындау үшін Братиславқа шақырту алдым. Осы жазда әлемдік балет жұлдыздарының гала-концерті аясында Корольдік Ковент-Гарден балет театрының прима-балеринасы Яно Саленкомен билеуге мүмкіндік туды. Биыл жазда алғаш рет Италияда аншлагпен өткен М. Жарраның «Собор Парижской Богоматери» спектаклінде Р. Петидің қойылымының Феба партиясын орындадым. Менің ойымша өткен жыл мен үшін өте табысты болды», - дейді Еркін.

Сахнада балалар сенетін таңғажайып көріністер қойылады: Щелкунчик Тышқан королін жеңіп тамаша Ханзадаға айналады. Осы партияда сахнаға театрдың жетекші солисі Еркін Рахметуллаев шығады.

Мәдина Басбаеваның айтуынша, әртістерге мереке күндері көрермен алдында өнер көрсетуі үлкен құрмет. «Біз - балет әртістері көрермендерге жаңажылдық ғажайып сыйлаймыз. Бұл біздің мамандығымыздың ажырамас бөлігі. Мен қойылым барысында көрермендерге ғажайып, тамаша көңіл сыйлауға тырысамын», - дейді Мәдина.

Ертегі балалар мен үлкендерге тамаша көңіл-күй сыйлайды. Мәдина Басбаеваның 31 желтоқсан күні сахнаға шығуы алғашқы рет емес және дайындықтың мереке алдында өтіп жатқанына еш ренжіген де жоқ. Қойылым алдыңдағы соңғы дайындық аяқталып, әртістер сахнаға шығуға дайындалуда біріне грим жасап жатса, бірі әдемі көйлектерін киіп барлығы ертегі кейіпкеріне айналып шыға келді.

«Балет театрының әртістері үшін «Щелкунчик» қойылымында ойнау өте үлкен олжа. Мен Мари ролін сомдаймын. Бұл спектаклдің басты партиясын орындау көптеген балеринаның арманы. Бұл ролді сомдау үшін «өсу» керек. Елордалық қойылым тек техникалық орындау тұрғысынан ғана қызықты емес, сонымен қатар кейіпкердің балалық шақтан жасөспірім шаққа өтуі, ал оны тек мінсіз билеп емес, кейіпкердің мінезін көрсете отырып ойнап шығуымыз керек. Сонымен қатар, спектакльдің хореографиясы күрделі, бұл таза классика», - дейді өз рөлі туралы театрдың жетекші солисі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мәдина Басбаева.

Спектакльге дайындық бірнеше апта бұрын басталған. Таңды кешке жалғаған дайындық күніне екі рет өтеді. Балет әртістері шеберліктерін хореографиялық сыныпта және сахнада шыңдайды. Сахнаға шығар алдында дайындықтың бар ауыртпалығы сахна сыртында қалып, тек көңілдің толқуы ғана қалады.

2014 жылдың желтоқсан айында танымал хореограф Юрий Григорович «Щелкунчик» балетін «Астана Опера» театрында қойды. Содан бері жаңа жылдық мереке алдында қойылатын спектакльге балалар мен үлкендер үлкен құлшыныспен барады. Астана қаласы әкімдігінің тілшілері қойылымның дайындығына барып қайтты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz