Шағын бизнес болса да, пайдасы шаш-етектен

1
11
10

Кәсіпкер Мансұр Расуловтың «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы бойынша 5 сауда нүктесі бар, оның екеуін биыл ашқан. Бизнесмен әкімдікке ризашылығын жасырмады. Оның айтуынша, қазір жалға алатын ғимарат табу және оны сатып алу қиын.

8

Таң атпай павильонға көп адамдар жиналып қалыпты, арасында зейнеткерлер де студенттер де өріп жүр, бәрі де тауардың арзандығы мен сапасына таңырқап қарауда.

«Біздің өнімнің сапасы өте жоғары, олар тек бағасымен ғана емес, дәмімен де ерекшеленеді. Кептірілген жемісті кәдімгі табиғи жолмен құрғатамыз, яғни күн көзінде немесе қараңғыда», - дейді кәсіпкер.

Мансұр өнімнің 70%-ы отандық екенін айтты. Ал негізінен тауарлар Оңтүстік Кореядан жеткізіледі.

Мысалы, грек жаңғағы базарда келісі 5000 теңгеге жуық болса, павильонда оны 2500 теңгеге, яғни екі есе арзан бағаға сатып алуға болады. Одан басқа, Мансұр Расулов түрлі акциялар өткізеді, мысалы павильондағы құрмаға қазір акция жүріп жатыр екен, келісі – 399 теңге.

«Біз дәнді өзіміз өндіреміз, себебі солтүстік Қазақстанда цехымыз бар. Басты артықшылығымыз, өнімді базардағы емес, бөлшек саудадағы баға бойынша сатамыз», - деп түсіндірді бизнесмен.

Оның айтуынша, жүргізіп отырған бизнесінің басты артықшылығы – қала бойынша ең төменгі бағамен сатуында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz