«Барыстықтар» қалай жаттығады?

18 жыл бұрын «Барыс хоккей клубы қалыптасқан еді. Осы уақыт аралығында астаналық клуб өзінің жоғары нәтижесін көрсетіп, қазақстандық хоккейдің бетке ұстар визитті карточкасына айналды. Елорда әкімдігі медиа орталығының тілшілері команданың жаттығып жатқан жеріне барып, «барыстықтардың» матчқа қалай дайындалатынын көздерімен көріп қайтты. 2015 жылы жазда астанада «Барыс Арена» ультразаманауи мұз сарайы ашылған болатын. Мұндағы дайындық барысы тиімді болып, команданы жаңа жеңістерге жетеледі. Клубтың баспасөз қызметінің басшысы Евгений Акмановтың айтуынша, «Барыс-Аренада» сапалы дайындық үшін мұздың үстінде де, жаттығу залында да барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, мұз сарайында спортшылардың қалпына келуі үшін өте ыңғайлы жабдықтармен жасақталған. Әсіресе жауапты матч алдында бұл маңызды бола түспек.

Ұйымдастырушылар қаланың тұрғындары мен қонақтарын хоккейдің ұмытылмастай боларлық нағыз көзтартар қызықты ойыны мен жұлдызды шоуы күтіп тұрғанына сенімді

10 қаңтар 2018 жылы хоккей жұлдыздарының апталығы басталады, оның аясында ЖХЛ жұлдыздарының матчы, МХЛ кубогы мен КХЛ жұлдыздарының матчы және шеберлік шоуы да болады. Қазақстанның астанасы осынау басты хоккей шоуын өткізу мәртебесін жеңіп алды. Астана алғаш рет ең беделді КХЛ форумын өткізбек, оған шоқтығы биік хоккейшілер қатысады.

Настоящие морозы не пугают легионеров, приехавших из Канады. Не только потому что зимний климат Торонто похож на местный. Руководитель пресс-службы клуба Евгений Акманов рассказал, что как-то после игры зашел в номер к капитану команды Найджелу Доусу. По ощущениям Евгения, в комнате было очень прохладно. Но Найджел объяснил, что такая температура для него вполне комфортная.

Евгений Акмановтың айтуынша, хоккейшілердің жұмыс кестесі матчқа қатысу, жаттығу және спорттық режимнің қаталдығына байланысты өте тығыз. Бос уақытында әрбір хоккейші өзгелер сияқты сауда-ойын сауық орталықтарына, киноға, балық аулауға барады. Жігіттердің кейбірі демалыс кезінде туған жеріне де барып қайтады. Көптеген қазақстандық ойыншылар үшін Өскемен, Қарағанды, Теміртау – отандық хоккейшілерді өсіретін болашақ «кадрлер» қаласы. Ал Канададан келген легионерлерді біздегі аяз қорқыта қоймайды. Себебі, Торонто жергілікті жерге ұқсас. Евгений Акманов бірде команда капитаны Найджел Доустың ойыннан кейін номеріне кіріп көреді. Евгений бөлменің салқын екенін байқайды. Бірақ, Найджел оған бөлменің температурасы қалыпты екенін айтқан.

Жаттығу барысында «барыстықтар» мұзда түрлі-түсті формамен келе береді. «Жасылдар» «Сұрға» қарсы, ал «Сарылар» «Көкке» қарсы ойнайды. Ойыншылар жаттықтырушының ысқырығынан кейін ауысады, яғни мини-команда бір-бірін тез-тез алмастыра қояды. Бүгін залда ешқандай көрермендер жоқ болса да, хоккейшілердің өздері жақтасып жанкүйер болып жатады.

5

Көрермендер мұз бетіндегі спортшылардың динамикасы мен жоғары жылдамдығын көреді. Хоккейшінің жалпы киім салмағы 17 келі, ал голкиперлер Сергей Кудрявцев пен Хенрик Карлссонның қосымша қорғаныш киімдері тіпті ауыр. Хоккейдің кейбір фанаттары ойыншылардың амунициясын рыцардың сауыт-сайманына ұқсатады.

Мұз айдынына «Барыс» клубының бас жаттықтырушысы Евгений Корешков пен ойыншылар шығып, жүз пайыз дайындыққа кірісті. Аздап шираған соң, жаттығудың негізгі бөлігі басталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz