Астанада алғаш рет киберспорттық турнир өтті
Өткен демалыс күндері қаламызда алғаш рет Astana Atrium Games киберспорттық турнирі өтті. Жарыс ауқымды ойын аймағына айналды. Шараға жалпы алғанда 100-ден астам студент пен оқушы қатысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Astana Atrium Games – біздің қаламыздағы киберспорттық және гик-мәдениеті тоғысқан шара. Іс-шара жастарға арналғанымен, бірегей орта балаларды да, сондай-ақ олардың ата-аналарын да өзіне тартты.
Astana Atrium Games киберспортық іс-шарасы ауқымды ойын алаңында өткізілді, әрбір қатысушы компьютерлерде, консольдарда ойнай алды, Dota2, CS:GO, Hearthstone, FIFA және Mortal Combat түрлі ойындары бойынша турнирлер өткізілді. Аталған киберпәндерді таңдау виртуалды жарыстарға қазіргі жастардың қызығушылығының артуына байланысты болып отыр.
Барлық қатысушылар аталмыш жарыстарға тегін қатысып, іс-шараны ұйымдастырушылардан құнды сыйлықтар алу мүмкіндігіне ие болды.
Әрбір аймаққа барлығы 32 адамнан қатысты.
Іс-шара заманауи поп-мәдениет және киберспорт жанкүйерлеріне арналды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Астана қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz