«D10 World» көрмесіне қатысушылар: әлем ең жарық жұлдыздан айрылды

Адам өмірден өткенімен оны еске алушылар болса, ол мәңгілік жасайды. Астанада Денис Тенге арналған көрмеге келген жанкүйерлер өз ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Көрмеге келушілер қазақстандық жарық жұлдыз Денис Теннің өміріндегі жарқын күндерден естелік шертетін фотоларын қарап, оны тани түсті. «Көрмеден алған әсерімді сөзбен айту қиын: бір жағынан спортшының өмірі туралы түрлі фотоларды көріп көңілім көтерілсе, бір жағынан оның бұл жарық дүниеде жоқтығы есіме түсіп кетсе, көңілім құлазиды. Көрмені ұйымдастырушылар үлкен жауапкершілікпен дайындағаны көрініп тұр. «Көз алдыма бірге жүрген күндер оралды. Денис мақсатшыл, ақжарқын ашық адам болатын. Ол мықты спортшы, жақсы адам еді, біз сондай адамдардан қапыда айырылып қалудамыз», - деді досы Медет Шаяхметов.


Көрмеге Денистің шығармашылығына тәнті түрлі жастағы жанкүйерлері келді. Мұнда еңбектеген сәбиді де, еңкейген қарияны да көресіз. 


«Мен Денис Теннің жанкүйерімін, жанкүйері болып қала бермекпін. Оның талантты фотограф екендігін білмедім. Мен оның жұмыстарын көріп таң қалдым. Ал жақында оның жазған әнін естідім. Өнерде шекара жоқ, талантты адам бар жағынан талантты деген сөздің жаны бар екен», - деді көрмеге келуші Арайлым.

Көрмеге келушілердің көздерінен еріксіз мөлдір тамшылар тамып жатты. Осындай жан-жақты талантты адамның өмірден өткеніне сенгілері келмейтіндей. Бірақ тағдыр заңы басқаша. Спортшының жанкүйері Зарина Мұхаметқали әлем жап-жарық жұлдыздан айрылғанына сенімді. «Мен Денис Теннің спорттық өнерімен, шығармашылығымен 2014-тен жылдан бері таныспын. Мені оның адами қасиеті өте сүйсіндірді. Оны көрмеде еске алып, іштей разылығымды білдірейін деп келдім. Ондай адамдар аз, мен оны жеке танығаныма және соңғы шоуына барғанымақтанам. Мды мақтан етемін. Мен үшін ол Қазақстанның және әлемнің ең жарық жұлдызы. Аспандағы жұлдыздарды көрген сайын оны еске аламын», - дейді Зарина.


Еске сала кетейік, көрме 20 қарашаға дейін жұмыс істейді. 


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz