Аула клубтарының арасында шахматтан балалар біріншілігі өтеді

Турнирге 7 мен 14 жас аралығындағы 110-нан астам жас шахматшы қатысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


«Аула жұлдыздары» жобасының шеңберінде «Бәйтерек» аула клубында ҚР ұлттық валюта күніне арналған шахматтан турнир өткізіледі.


«Мұнда шахмат бойынша секцияға баратын барлық аула клубының тәрбиеленушілері қатысады. Басты мақсат – жас ұрпақтың арасында интеллектуалды ойлануын дамыту», - деді «Астана жастары аула клубтары орталығы дамыту бөлімінің басшысы Болат Жұмәділ.


Жарыс жеңімпаздарына мақтау қағаздары, кубок пен бағалы сыйлықтар табысталмақ.


-

-

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz