Зұлымдықты жеңген жақсылық

Өткен демалыста «Рэдиссон Астана» қонақ үйінде «Дивали» мейрамы аталып өтті. Мерекеге Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Прабхат Кумар да қатысты.


Әр алуан мейрамдар мен оқиғаларды мерекелей отырып, түрлі мәдениетті біріктіру жақсы дәстүрге айналды. Соның бірі - «Дивали» мейрамы. Мерекеде үнді елінің биі, әуені шырқалып ұлттық киімдері көрсетілді. Үнді елінің ұлттық киімін киіп келген қонақтар от фестивалінің ажарын аша түсті.  


Дивали тарихы аңызға толы. Аңыздың негізгі тақырыбы жақсылықтың жамандықты жеңуімен байланысты. Дивали – жауынды мезгілдің аяқталып, қыс мезгілінің басталуының белгісі. Салтанатты мереке үнді биі, әні және ұлттық ойындарымен жалғасты.


Дәстүрге сай мереке шырақ жағудан бастау алды.


«Біз үшін Дивали өте маңызды мереке. Үндістер түнекті зұлымдыққа, ал жарықты – білім теңейді. Жарықтың арқасында әлем сұлулығы өз есігін ашады. Ал көп дінде жарық жақсылық нынашы»,- деді Прабхат Кумар.

Кеш үнді биімен, хинди әнін айтумен, ойындар ойнаумен жалғасты. Сонымен қатар, үнді халқының ұлттық тағамдары да ұсынылды.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz