Астанада Денис Тенге арналған көрме ашылды

 «D10 World» көрмесінде олимпиада чемпионының суреттері мен заттары ұсынылды. Бұл жерден талантты спортшының өмірінің әр сәтінен түсірілген түрлі авторлардың фотосуреттерін көруге болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Еске алу композициясы «Денис Тен қорының» бастамасымен ұйымдастырылды.

«Денис үшін өмірде ештеңе ұсақ-түйек емес еді. Ол өзінің жақындарымен шынайы араласатын және ешқашан бас тартпайтын. Ол барлық іске жанын салып уайымдап, жауапкершілікпен кірісетін. Біз оның жоспарларын ары қарай жалғастыруымыз керек, себебі оның жарқын жолы жас спортшыларға үлгі», - деді көрменің ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.


Жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанаудан әлемнің екі дүркін чемпионы мәскеулік Елена Радионова қазақстандық спортшымен достық тарихын айтып берді.  

«Денис менің досым еді. Біз бала кезден дос болатынбыз. Одан әрдайым үйренетінмін. Ол талантты болатын. Қолына қандай істі алса да, бәрі сәтімен бола қалатын, сондай еңбекқор еді. Мен одан үнемі үлгі алатынмын. Ол Қазақстанды шексіз сүйді. Денис тек тұлға ғана емес, ол көрнекті спортшы, сондай-ақ ол өте мәдениетті, қарапайым, ақылды болатын», - деді Е. Радионова.


Экспозицияның ерекшелігі – ұлы спортшының өзі сүйіп айналысқан үлкен әлемі: танымал фигуристің жеке фотожұмыстары.


Медиа-интерактив аймағында кеш қонақтарына әріптестері мен фигуристің достары жасаған Денистің өмірі туралы деректі фильм көрсетілді. 


Сонымен қатар, көрме келушілеріне естеліктер қабырғасын ұсынылды, олардың әрқайсысы талантты спортшыға арналған естелік сөздерін жазып қалдыра алады.

MEGA Silk Way орталығындағы көрмеге 20 қарашаға дейін сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін келуге болады. Кіру тегін


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz