Астаналықтар ғарыш әлеміне саяхат жасай алады

Елордада зымыран мен ғарыштық техникалардың қызықты экспозициясы бар. Елорда әкімдігі ресми сайтының тілшісі ашық аспан астындағы музейге барып қайтты.

«Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ Ұлттық ғарыш орталығының аумағында өткен күн мен болашақтан сыр шертетін ғарыштық музей ұйымдастырылды. Мұндай сыйды елорданың 20 жылдығының құрметіне Қызылорда облысы жасаған болатын.


Ашық аспан экспозициясы елорданың сол жағалауында орналасқан. Оның алаңы 1,4 га аумақты құрайды


Мұнда «Союз», «Протон», «Зенит» зымыран тасығыштары және «Буран» орбиталық кемелерінің толық өлшемді үлгілері орнатылған. Бұл жерде ғарыш кемелері туралы барлық ақпарат жазылған арнайы стендтер, техникалық сипаттамалар, кеменің жасалу жолдары және тарихы көрсетілген.

Мұражайдан ғарыш кемелерінің әрқайсысы туралы көптеген қызықты ақпараттар білуге болады. Мысалы, «Зенит» зымыран тасығышы 1985 жылы 13 сәуірде ұшырылған. Барлығы бес тасымалдаушы модификация пайдаланылған.

2017 жылдың 26 желтоқсанындағы деректер бойынша, 84 зымыран ұшырылған. 2017 жылы SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск CNN-ге берген сұхбатында сүйікті «Зенит» ракетасы туралы сұраққа жауап берді.

«Зенит» бізден кейінгі ең жақсысы», - деді ол. «Союз» зымыран тасығышының көмегімен «Союз 7К-ОК», алғашқы «Союз 7К-Т» ғарыш кемелері, "Союз 7К-ТА". 1966 жылдан 1976 жылға дейін барлығы 32 зымыран ұшырылып, оның 30-ы сәтті қонған екен. «Протон» зымыран-тасығышын дамыту кеңестік ғарыштық салада негізгі бағдарламалардың бірі болды. Жарты ғасырға жуық уақытта «Протон» зымыран тасығышының әртүрлі модификациялары 360-тан астам зымыран ұшырды. Оның көмегімен ұлттық шаруашылық, ғылыми және қорғаныстық маңызы бар 40-тан астам ғарыштық аппараттар іске қосылды.


«Буран» ұшқышсыз режимде алғаш рет 1988 жылы 15 қарашада ұшырылды. Кеменің ұшуы 205 минутқа созылды. (Гагариннің ұшуынан 2 есе артық) КСРО ғарыш кемесінің жүк көтеру қабілеті жоғары болды. Ол 30 тонна жүкті орбитаға көтеріп, 20 тонна жүкті Жерге қайтара алды.

Орталықтың жұмысындағы маңызды мәселе - оқушылар мен студенттерге кәсіби бағдар беру. Басшылық бұл экскурсияға үлкен үміт артып, ғарыштық мамандықтарға жастардың қызығушылығын тудырады деген үмітте. «Қазірден бастап болашақты ойлап, мектеп оқушылары және студенттермен кездесулер өткізіп тұрамыз.

«Бұл салада мамандар жетіспейді. Біз мектептер мен колледждердің кез келген өтініштеріне жауап береміз. Орталықтың қызметі туралы және біздің сарапшыларымыздың жұмыстары туралы ақпаратпен бөлісуге қашанда дайынбыз», - дейді Ұлттық ғарыш орталығының маркетинг және сату бөлімінің бас маманы Айша Айсариева.


Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz